Қазақстанда жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу ұсынылды

4 октября 2023 года

Қазақстанда несиеге балама ретінде жеке тұлғалар үшін лизингті іске қосу ұсынылды. Бұл туралы “Respublica” партиясының депутаты Олжас Құспеков пікір білдірді, деп хабарлайды LS.

Спикердің сөзінше, тұтынушылық лизинг дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

"Жеке тұлғалар үшін лизингті Қазақстан азаматтары үшін неғұрлым заманауи қаржы өнімі ретінде енгізу ұсынылады", – деп атап өтті Құспеков.

Оның пікірінше, бұл Қазақстан нарығында бұрын болмаған экономикалық белсенділіктің жаңа түрін құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, материалдық игіліктерге қол жеткізіп, қаржылық сауаттылықты жақсарту есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етпек.

"Бұл банктік несиеге арзан баламаға көшу арқылы халықтың несиелену деңгейін төмендетеді", –деп түсіндірді депутат.

Құспеков осы қаржы құралын құру үшін Салық кодексіне және "Қаржы лизингі туралы" Заңға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.

Ол келтірген деректерге сәйкес, экономикалық белсенді қазақстандықтардың 80%-дан астамының несиелері бар. Спикер АҚШ-та бұл көрсеткіш 20% екенін атап өтті.

"1,5 млн адам ағымдағы қарыздар бойынша төлемдерді 90 және одан да көп күнге кешіктірген. Банктер мен микроқаржы ұйымдарының кабальды шарттары халықты қарыз шұңқырына итермелейді. Микроқаржы ұйымдарының қызметі мемлекет тарапынан реттелмейді, ал пайыздар болса тым жоғары", – деді Құспеков.

Оның айтуынша, нәтижесінде қазақстандықтар коллекторлардың, сот орындаушыларының жұмысымен бетпе-бет келіп, банкроттық рәсімінен өтуге мәжбүр. Құспеков елдегі банктер өздерінің негізгі миссиясы бизнесті талдау және қаржыландыру үшін құзыреттілікті пайдалану екенін ұмыта бастағанын айтты.

"Қаржы секторы елдегі экономика өсімінің драйвері болуға тиіс. Нобель сыйлығының лауреаты Джозеф Стиглиц айтқандай, "Банк секторы қарапайым адамдардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, халықты қажет емес тауарларды сатып алуға ынталандырады. Нәтижесінде халықты экстремалды несиелендіру есебінен банктер пайдасы өсуде", - деп есептейді депутат.

Бұған дейін, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы лизингтік қызметтерді жеке тұлғалар үшін қолжетімді етуді ұсынған болатын. 2022 жылдың желтоқсан айында қауымдастық Ұлттық экономика министрлігіне осындай бастамамен жүгінгені хабарланды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.