Қазақстанда жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі

Дәрігерлер мен мұғалімдердің табысы одан әрі өседі

24 декабря 2021 года
    

2022 жылдан бастап Қазақстанда биылғы жылы табысы өспеген мамандардың жалақысын көтеру басталады. Бұл туралы LS-ке еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.

Министрлiктiң мәліметінше, 2022 жылдан бастап бұрын көтерілмеген санаттардың табысы артатын болады. Оларға мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және басқалар жатады. Барлығы 588 мың адам. Жалпы, келесі жылы жалақы шамамен 1,2 млн азаматтық қызметшіге өседі.

Сондай-ақ, министрлiкте 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 60 мың теңгені құрайтынын еске салды, бұл ағымдағы көрсеткіштен 41%-ға жоғары. Бұл әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда барлық салаларда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табыстарының өсуіне әкеледі.

Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер де жалақыны қайта қарайтын болады.

2023 жылы педагогтардың жалақысы 2020 жылмен салыстырғанда екі есе өсуі тиіс. Бұдан басқа, 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде төрт жыл ішінде олардың жалақысы да екі есе артады.

Қазіргі уақытта, еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметтері бойынша, білім беру қызметкерлерінің табысы саудадағы қызметкерлерге қарағанда төмен.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.