Қазақстанда жаңа зауыт ашылады

20 июня 2024 года

Абай облысында $79,2 млн-ға жаңа өндіріс салынады. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.

Түрік компаниясының қатысуымен Жарма ауданында ферроқорытпа зауыты мен тау-кен байыту кешені салынып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта учаскенің топотүсірілімі мен геодезиясы жүргізілуде. Жобаны іске қосу 2027 жылдың ортасына жоспарланған.

"Жобаға салынатын салымдар көлемі $79,2 млн-ға бағаланады", - делінген редакцияның сұрауына берілген жауапта.

Жобаның жылдық өнімділігіне келсек, 300 мың тонна хром кенін байыту, 142 мың тонна хромит концентратын және 56 мың тонна жоғары көміртекті феррохром шығару көзделген. Ал шикізат табылған хромит кен орындарынан жеткізіледі деп күтілуде.

Ақпаратқа сәйкес, құрылыс жұмыстарына 250 адам тартылады. Пайдалануға берілгеннен кейін 375 жұмыс орны құрылады, оның ішінде феррохром өндіру зауытында – 237, ал тау-кен байыту комбинатында – 74.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.