Қазақстанда жаңа әуежай салынады

20 ноября 2024 года

Жетісу облысында жаңа әуежай салынады. Өңірлік әкімдікте LS-ке егжей-тегжейін айтты.

Жаңа әуе айлағы "Қорғас – Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағының аумағында пайда болады.

Жобаны әзірлеуге Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорны кірісті. Ол бірнеше кезеңді қамтиды. Мәселен, бірінші кезеңде негізгі инфрақұрылым салынады. Ал екінші және үшінші кезеңдерде жолаушылар терминалының өткізу қабілетін, жүк және отын қоймаларының қуатын кеңейту үшін қосымша нысандар бой көтереді.

"Жалпы жоба ICAO халықаралық ұсынымдарына сәйкес әуежай инфрақұрылымын салудың үш кезеңдік бағдарламасын, сағатына 500 адамға дейінгі жолаушылар терминалын қамтиды. Сондай-ақ, сыйымдылығы жылына 550 мың тоннаға дейін, жүк айналымы жылына 250 мың тоннаға дейін JET a-1 авиаотынына арналған отын қоймасы пайда болады", – делінген редакция сұрауына жауапта.

Әуежай жұмысын 2027 жылы бастайды деп күтілуде. Бұл ретте жобаны барлық қажетті объектілермен, кезең-кезеңімен кеңейтумен, қуаттылықты арттырумен, қонақ үйді, сауда-ойын-сауық орталығын іске қосумен 2032 жылға дейін толық аяқтау жоспарлануда.

Жоғарыда аталған нысандарды іске қосу 250 млрд теңгені құрайды. Жаңа нысанның құрылысы 700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан-Германия консорциумы "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА-да әуе айлағының инфрақұрылымын үш кезеңдік салу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отырғанын жазған болатын.

Ал 2020 жылы LS редакциясы Панфилов ауданында халықаралық жүк-жолаушылар әуежайы салынатыны туралы ақпарат жариялады. Жоба 87 млрд теңгеге бағаланып, 2023 жылға дейін жүзеге асырылады деп күтілген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.