Қазақстанда зейнетақы төлемдерін шетелде емделуге пайдалану ұсынылды

Сондай-ақ, келтірілген шығындарды да өтеу қарастырылған

1 июля 2021 года

Қазақстандықтарға зейнетақыны шетелде емделуге пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды LS.

Тиісті жобаны денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Құжат 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін талқыланады.

"Алушының біржолғы зейнетақы төлемдерін некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзгеге беру процесінсіз өзінің жақын туысының, жұбайының емделуіне пайдалануға жол беріледі. Сондай-ақ, оны тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де қолдануға болады", – делінген жобада.

Бұл үшін өтініш беруші дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін шетелдік медициналық ұйымды немесе шетелдік сатушыны таңдайды және онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт немесе дәрілік заттарды сатып алуға шарт жасасады. Бұдан әрі ол шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлеуге арналған шотты және оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын одан әрі қоса тіркей отырып, төлем шотын алады.

Бұдан басқа, құжатта медициналық қызметтердің көзделген тізімі шеңберінде нысаналы пайдалану бойынша бұрын келтірілген шығындарды өтеуге зейнетақы төлемдерін пайдалану ұсынылып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.