Қазақстанда зейнетақы ақшасын пайдалану бойынша жаңа шектеулер енгізілмек

Алынған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 1 трлн теңге

2 июня 2021 года

Қазақстанда зейнетақы қаражатынының артығын пайдалану ережелеріне өзгерту енгізілмек, деп хабарлайды LS.

Жаңа шектеулер әзірленіп, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 бұйрығына енгізілді.

"Атап айтқанда, біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақтың орындалуын бақылау мақсатында алушы жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш берген кезде аталған тұлғалардан жылжымайтын мүлікті сатып алмау туралы міндеттемеге қол қояды", - деп атап өтті құжатта.

Бұл ретте жақын туыстарға ата-аналар, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жататыны нақтыланады.

ИИДМ-де түзету ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, тұрғын үйді сатып алу-сату жөніндегі жалған операцияларға қайын енесін, атасын және басқа да туыс адамдарды тарту мүмкіндігін болдырмайды деп есептейді.

Сонымен қатар, Отбасы банкінің деректері бойынша 2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша 159,6 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін пайдаланған. Олар алған қаражаттың жалпы сомасы 1 трлн теңгені құрады. Оның көп бөлігі жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталған.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.