Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асады, деп хабарлайды LS.
Еңбек министрлігінің ақпараты бойынша, 2022 жылдың қаңтарында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 163,4 млрд теңге.
"2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 291 теңгені құрады. Қазақстанда барлығы 2,2 млн-нан астам зейнеткер бар", - деп хабарлады министрліктің.
Бұған дейін, LS редакциясы басқа елдерге көшiп кеткен қазақстандықтар БЖЗҚ-дан 41 млрд теңгеден астам қаражат алғанын жазған болатын. Негізінен қаражат Ресей, Германия, Польша, АҚШ-қа аударылды.