Қазақстандағы айырбастау пункттері жаңа тәртіппен жұмыс істейді

Енді айырбастау пункттеріндегі қолма-қол валютамен жасалатын операциялар бақыланбақ

15 января 2020 года

Қазақстанда айырбастау пункттерінің жұмыс істеу ережесі мен уақыты бекітілді, деп хабарлайды LS тілшісі.

Ұлттық банктің "Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес жұмыс режимін заңды тұлға өз бетінше 9:00-ден 20:00-ге дейін белгілейді. Тек теміржол вокзалдары, казино, аэровокзалдар ғимараттарының ішіндегі, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқан пункттерден басқа.

Айырбастау пункттерінің бірінші санаттағы стационарлық сауда объектілерінің ғимараттарындағы жұмыс уақыты 9:00-ден 22:00-ге дейін анықталады.

Сондай-ақ, қаулыда айырбастау пункттері арқылы жүргізілген операциялар бойынша 500 мың теңгеге және одан да көп соммаға клиенттің куәлігі мен заңды мекен-жайы журналда тіркеледі. 500 мың теңгеден аспайтын операциялар бойынша тек куәлік нөмірі ғана жазылады.

Бұдан басқа, ережеде әрбір ұйым үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері көзделген.

"Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан және республикалық маңызы бар қалаларда, облыстардың әкімшілік орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан әрбір айырбастау пункті үшін 100 млн теңге; басқа елді мекендерде орналасқан айырбастау пункттері үшін 50 млн теңге",- делінген құжатта.

Ұлттық Банктің ақпаратына сәйкес, қаулы осы жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, қадағалау ведомствосында бұған дейін айырбастау пункттерінің жұмысына өзгерістер енгізу туралы түсініктеме берген болатын. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Галиеваның айтуынша, қаражатты жылыстату мен терроризмді қаржыландырумен күресу үшін қатаң талаптар мен стандарттар қабылданды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.