Атырау облысында 16 желтоқсан күнi құрылыс индустриясында екі өндірістің ашылуы күтілуде. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдікте хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, екі жобаны да қазақстандық компаниялар жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Тәуелсіздік күні облыста қуаттылығы жылына 10 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді іске қосу жоспарлануда. Жобаны құны 160 млн теңгеге бағаланып отыр.
16 желтоқсанда іске қосылатын екінші кәсіпорын – ұсақ құрылыс конструкцияларын, бұрандалы бұйымдарды, сорғылар мен тығыздамаларды, металл бұйымдарын шығаратын зауыт. Инвестиция көлем 889 млн теңге. Бұл нысанда 10 мың дана болттар, гайкалар, түйреуіштер, 100 дана күрделі тетіктер шығаруды жолға қою жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облыста 4,1 трлн теңге сомасына 17 жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Мысалы, 2022 жылы "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймақта (АЭА) 814,2 млрд теңгеге полипропилен өндірісін ашу жоспарлануда. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайды.