Қазақстанда тұрғын үйді төтенше жағдайлардан (ТЖ) міндетті сақтандыруды енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды LS.
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, мәжіліске "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы енгізілді
"Онда міндетті сақтандыруды енгізу көзделеді. Бірінші кезеңде біз адамдар көп жиналатын нысандар, мысалы, сауда үйлері мен көп қабатты үйлер туралы айтып отырмыз. Заң жобасы қабылданғаннан кейін ТЖМ осы құралды барлық нысандарға, оның ішінде тұрғын үйге де жоспарлы қолдануды қарастыратын болады", – деді ол.
Төраға орынбасары жаңа өнімді енгізу мерзімдері туралы да айтты.
"Жалпы, 2028 жылға дейін өрт сақтандырумен толық қамту жоспарлануда", – деп жауап берді Төрегелдиев.
Тұтастай алғанда, өртті сақтандыру, оның айтуынша, объектілердегі өрт кезінде зардап шеккен адамдарға материалдық қолдау көрсетуге мемлекеттің шығындарын болдырмауға, сондай-ақ, зардап шеккендер арасындағы әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ірі объектілердің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырады.
Бұған дейін, Қазақстанда апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу жоспарланғаны хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы апатты тәуекелдерден міндетті сақтандыру тетігін әзірлеу туралы белгілі болды.