Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі күтілуде

Жылжымайтын мүлікке сұраныс жоғары болады

13 сентября 2021 года

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы келесі жылдың көктемінен бастап күрт өсе бастайды. LS-ке мұндай болжамды Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев айтты.

Ол жыл соңына дейін бастапқы жылжымайтын мүлік бағасының айтарлықтай өзгермейтінін жеткізді.

"Жыл соңы сату жағынан әрдайым белсенді кезең, сәйкесінше, баға да өседі. Бірақ қатты емес. 5% дейін көтерілуі мүмкін. Келесі жылдың наурыз айынан бастап күшті өсім болады деп күтілуде – шамамен 10-15%", – деп атап өтті Ерғалиев.

Оның айтуынша, бағаларға бірнеше факторлар әсер етеді, оның ішінде доллар бағамы, сондай-ақ, құрылыстағы үлесі 60%-ға жететін импорттық құрауыштарға бағаның өсуі. Бұдан басқа, жалақының, әлеуметтік төлемдердің және басқаларының өсуіне байланысты.

Сонымен қатар, Ерғалиев Қазақстанда 2 млн-нан астам адам баспанаға мұқтаж екенін атап өтті. Оның ішінде 1,7 млн адам кезекте тұр және Отбасы банкте жинақтары бар. Сатылымда 11 млн шаршы метр немесе 172 мыңға жуық пәтер бар. Осыған байланысты, Одақ басшысының болжамы бойынша, елімізде тұрғын үйге сұраныс жоғары болып қала бермек.

Спикер қаланың тығыз құрылысына да тоқталды. Ерғалиев олардың ыңғайсыз екеніне назар сала, адамдардың көбірек бос кеңістік қалайтынын атап өтті. Алайда одақ бұл үрдіске әсер ете алмайды, себебі бұл мәселе тек жергілікті атқарушы органдар құзыретінде.

Тамыз айында Қазақстанда бастапқы тұрғын үй құны қайтадан өсе бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі үшін орта есеппен баға 343,8 мың теңге деп тұр, абаттандырылған қайталама тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін 272,8 мың теңге.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.