Қазақстанда тұрғын үй қалай қымбаттады

Әр жылдары бағалардың біршама өзгеруі байқалды

13 апреля 2021 года
    

2000 жылдан бастап Қазақстанда жаңа тұрғын үй 15,2 есе қымбаттады, деп хабарлайды LS.

Егер 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің 1 ш. м. құны 21 мың теңге болса, 2021 жылдың қаңтарында – 319 мың теңге болды. Мұндай мәліметтерді ҚазҚСҒЗИ мамандары келтіреді.

Қайталама нарықта тұрғын үй 30,6 есе – 2000 жылғы 8 мың теңгеден 2021 жылғы қаңтарда 245 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Институт қай жылдары бағаның едәуір өскенін анықтады.

ҚазҚСҒЗИ зерттеулеріне сәйкес, бағалардың шарықтауы 2004 жылы басталған. Жаңа тұрғын үй бір ш. м. 70 мың теңгеге дейін, ал қайталама тұрғын үйдің 1 ш. м. 40 мың теңгеге дейін қымбаттады.

2007 жылы күрт өсу болды: жаңа құрылыстарға баға 1 ш. м. үшін 161 мың теңгеге дейін көтерілді, тұрғын үй және қайталама нарықта – 136 мың теңге ш. м. қымбаттады.

Екінші өсімі 2015 жылы орын алды, жаңа пәтерлер 1 ш. м. үшін 258 мың теңгеге, ал ескі пәтерлер 1 ш. м. үшін 190 мың теңгеге қымбаттай бастады.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін қайталама нарықта бағаның біршама төмендеуі байқалды. Бұл ретте 2018 жылы қайталама тұрғын үйдің 1 ш. м. 186 мың теңгеге дейін арзандады, ал жаңа құрылыстардағы пәтерлер 1 ш. м. 267 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Осыдан кейін, 2019 жылы бағаның күрт өсуі байқалды. Қайталама тұрғын үй ш. м. 200 мың теңгеге дейін, ал жаңа құрылыстағы үйлерге – 294 мың теңгеге дейін қымбаттады.

2021 жылдың қаңтар айында жаңа үйлердің бағасы 319 мың теңгені, ал салынған үйлердің бағасы 245 мың теңгені құрады.

"Құрылыстың жоғары қарқыны мен әлемдік нарықтағы бағалар құрылыс материалдарының қымбаттауына алып келді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке үлкен сұраныс, жаңа құрылыстардағы үйлер мен қайталама нарықтағы тұрғын үйлердің ш. м. бағаның рекордтық өсуіне алып келді", - деп атап өтті ҚазҚСҒЗИ бас директоры Бегман Көлбаев.

Дереккөз: ҚазҚСҒЗИ. Кестені басқа БАҚ-на көшіруге тыйым салынады

Сондай-ақ, ҚазҚСҒЗИ Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемі өсіп келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты LS редакциясы инфографика дайындады.

Бұл ретте көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының үлесі бойынша мегаполистер: Нұр-Сұлтан – 33,5%, Алматы – 21,1% және Шымкент – 5,7% көшбасшы болып отыр.

Нұр-Сұлтанда монолитті темір бетоннан ғимараттардың 66%-ы, ал кірпіштен – 28%-ы салынды, елорда ғимараттарының арасында басымдықта көпқабатты үйлер бар: 5-9 қабатты ғимараттарға 763 мың ш.м. және 745 мың ш. м. 10-19 қабатты үйлерге тиесілі.

Алматыда монолитті құрылыс басым – 62% және кірпіш ғимараттардың 32%. Оның ішінде 874 мың ш.м. – 10-19 қабатты жаңа құрылыстар және 765 мың ш. м. – 4 қабаттан төмен.

Монолитті құрылыс Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында да басым. Басқа аймақтарда кірпіштен салынған ғимараттар басым.

Бұған дейін LS 2021 жылдың қаңтарында жылжымайтын мүлік бағасы күрт көтерілгені туралы ақпарат жариялаған болатын.

Дереккөз: ҚазҚСҒЗИ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.