Қазақстанда шоттардан миллиардтаған қолма-қол ақша шешілуде

24 августа 2023 года

Қазақстанда мемлекетке ақшаны заңсыз қолма-қол шешкеннен келтірілген залал үш жыл ішінде 58 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

ҚР қаржы мониторингі агенттігі соңғы үш жылда 216-бап бойынша (жалған шот-фактуралар жазып беру) өндірісте 1 736 қылмыстық іс жүргізілгенін айтты. Оның ішінде 2020 жылға 669 іс, 2021 жылға – 592 іс, 2022 жылға – 475 іс тиесілі.

Бұл ретте аяқталған істер саны 1 144 құрады (2020 жылы – 376, 2021 жылы – 426, 2022 жылы – 42).

"Олар бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 58,3 млрд теңгені құрады", - делінген LS-тің ресми сұрауына ҚР қаржы мониторингі жөніндегі агенттігінің жауабында.

Залалдың ең көп сомасы 2020 жылы тіркелген – 25,9 млрд теңге. Сонымен қатар, 2021 жылы қылмыскерлер мемлекетке 15,8 млрд теңгеге, 2022 жылы 16,6 млрд теңгеге зиян келтірген.

"2023 жылдың І жартыжылдығында қылмыс кодексінің 216-бабы бойынша 92 іс тіркелді, барлығы 249 іс жүргізілді. Сотқа 113 іс жіберілді. Аяқталған істер бойынша белгіленген шығын 9,2 млрд теңгені құрайды", - деп атап өтті агенттікте.

Бұған дейін, Ұлттық банк кәсіпкерлерге банктегі шоттардан ақша алудың шекті сомасын ұлғайту туралы қаулы шығарған болатын. Атап айтқанда, шағын бизнес үшін мөлшерді 20 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, орта бизнес үшін – 120 млн теңгеден 160 млн теңгеге дейін, ірі бизнес үшін –  150 млн теңгеден 200 млн теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.