Қазақстанда Калашников автоматтары мен тікұшақ құрастыру өндірісi қолға алынбақ

9 февраля 2022 года

Биыл Қазақстанда "МИ-171Ш" тікұшақтарын құрастыруды және автоматтар өндірісін жолға қою жоспарлануда, деп хабарлайды LS индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, биыл сегіз жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, 2022 жылдың ішінде Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтары өндірісі іске қосылмақ. Ал Алматыда "Ми-171Ш" тікұшақтарын құрастыруды бастайды.

Бұдан басқа, Қазақстанда Airbus ұшақтарына қызмет көрсету жөніндегі сервистік орталық құрылуы мүмкін. СҚО-да мемлекеттік шекараны қорғайтын техникалық құралдар өндірісі жолға қойылады.

Министрліктің мәліметінше, төрт кәсіпорын базасында радиациялық және химиялық қорғау құралдары, автоматты оқ-дәрілер өндірісі іске қосылады. Сонымен қатар, "Барыс 8х8" бронетранспортерлерi мен броньды машиналары өндірісі жаңғыртылады.

Бұған дейін, LS Қазақстанда авиациялық техникаға арналған толымдаушы ұшақтарды өндіруге кірісуді және Калашников автоматтарын жинау қолға алынатынын жазған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда "Ми-8АМТ" құрастыруды бастап кетті. Бұл өндірісті дамытуға 4,5 млрд теңге инвестицияланды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Казахстанцы тянутся к наличным: за три года спрос вырос более чем на 20%. Инфографика
сегодня
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Жилье с сюрпризом: что нужно знать при покупке залоговой недвижимости
сегодня
Тенге укрепился: какую поддержку получит валютный рынок от Нацбанка в ноябре
сегодня
Казахстану нужно продолжать делать ставку на нефть – эксперт
сегодня
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
вчера
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
1 ноября 2025 года
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
1 ноября 2025 года
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
1 ноября 2025 года
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
1 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.