Қазақстанда Facebook пен Instagram-да қандай контент цензураға түседі

8 ноября 2021 года

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LS-ке Facebook-пен ынтымақтастық аясында қандай мазмұндағы контент бұғаттауға түсетінін айтты.

Министрліктің ақпараты бойынша, Конституцияға сәйкес* республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.

Сондай-ақ, "БАҚ туралы" заңда** ақпаратты таратуға тыйым салынған санаттар бар. Оның ішінде:

- мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын мәліметтерді жария ету;

- есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау;

- қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу;

- теле, радиобағдарламаларды, теле, радиоарналарды тарату, сондай-ақ порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино-бейне өнімдерді көрсету;

- сайлау заңнамасын бұзу мақсатында бұқаралық ақпарат құралын пайдалану;

- ереуілге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу;

- бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау немесе үгіттеу;

- экстремизмді немесе терроризмді насихаттау;

- ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату.

"Meta (бұрынғы Facebook) әкімшілігінің мониторингі және хабарламасы CRS көмегімен контентті жою бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі Қазақстан заңнамасының осы талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады"- деп түсіндірді министрлікте.

CRS – бұл компанияның саясаты мен елдердің ұлттық заңнамасын бұзатын мазмұн туралы хабарлау үшін әлем мемлекеттерінің уәкілетті органдарына Meta командасымен тікелей байланыс арнасын ұсынатын компанияның ішкі жүйесі.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Facebook-пен осы бағыттағы келісім туралы хабарлаған болатын.

* 20-баптың 3-тармағы.

** 13 бап.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
сегодня
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
сегодня
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
сегодня
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
сегодня
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
сегодня
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
сегодня
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
сегодня
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
сегодня
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
сегодня
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.