Қазақстанда экоауылдар пайда болады

сегодня

Қазақстанда 100 жасыл ауыл салу жоспарланып отыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі LS агенттігіне жобаның егжей-тегжейін жеткізді.

Министрліктің мәліметінше, бұл ауылдар қоршаған ортаға зиянсыз болып, автономды жүйеде жұмыс істейтін болады.

Ауылдардың құрылысы басталу уақыты әзірге белгісіз. Наөты мерзімі келісімдерге байланысты анықталады. Дегенмен, келесі жылдан бастап жобаны белсенді жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Жоспарға сәйкес, 100 жасылтауыл жобасы еліміздің барлық өңірлерін қамтиды. Бұл экологиялық тұрақты және өзін-өзі қамтамасыз ететін қауымдастықтарды құру мақсатында жүзеге асырылуда.

"Болжамды инвестиция көлемі – $600 млн. Қазіргі кезеңде нақты қаржыландыру көздері әлі анықталған жоқ", – деп хабарлады министрлікте.

Әрбір экоауылда шамамен 5 гектар аумақта 10 мыңнан астам жеке тұрғын үй салынады. Жобада CIP-панель технологиясы қолданылмақ, бұл энергияны үнемдеуге, экологиялық таза болуға және сейсмикалық қауіпке төтеп беруге мүмкіндік береді, деп атап өтті министрлікте.

Экоауыл инфрақұрылымына баламалы энергия көздері (күн панельдері, жел генераторлары және т.б.), жауын-шашынды жинау мен қайта өңдеу жүйелері, жыл бойы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге арналған автономды жылыжайлар, коворкинг-орталықтар және басқа да қажетті элементтер енгізілетін болады.

Жобаны іске асыру арқылы елде халықаралық экожобалау стандарттарына сәйкес, толық автономды өмір сүру ортасы құрылатын болады.

"Резиденттер коворкинг-орталықтарда өз жобаларын ұсына алады, ал контент әлемдік платформалар мен ірі impact-фондтарға таратылады", – деп болжам жасады министрлікте.

Сонымен қатар, экоауылдардың тәжірибесі қалалық инфрақұрылымда тұрақты технологияларды енгізудің жолын ашып, жасыл құрылыс, баламалы энергия көздерін қолдану, жылыжайлар мен вертикальдық фермаларды интеграциялауға мүмкіндік береді.

Жобаның іске асырылуы құрылыс, логистика, энергетика және агроөнеркәсіп салаларында мыңдаған жаңа жұмыс орындарын құрып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанның жасыл энергетикасының жаңа әлеуеті туралы хабарлаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.