Қазақстанда бензин қымбаттай ма?

8 сентября 2023 года

Энергетика министрлігі LS-ке жанармай бағасының өсуі кезінде қандай жағдайлар ескерілетінін айтты.

Министрліктің мәліметінше, үкімет 2023 жылғы 12 сәуірде болған жанар-жағармай  (ЖЖМ) құнының өсуінің I кезеңінің экономикалық макро көрсеткіштерге әсерін бақылауды жалғастыруда. Бұл инфляция, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы және т.б. Сонымен қатар, көрші елдерде жанармай бағасына бақылау жүргізілуде.

Энергетика министрлігі қабылданған шаралар есебінен дизель отынының жиынтық қорлары өскенін, сондай-ақ, ЖЖМ-нің осы түрінсіз автомобильге жанармай құю станциясы саны 18%-дан 3,38%-ға дейін немесе 575-тен 108-ге дейін төмендегенін атап өтті. Елімізде барлығы 3,2 мың жанармай құю бекеті бар. Бұдан басқа, көрші елдерге тасымал азайған, өйткені Ресейде дизель отыны литріне орта есеппен 290 теңге, ал Қазақстанда – 295 теңге (ішкі тұтыну) және шетелдік жүргізушілер үшін литріне 450 теңге тұрады.

"Жанар-жағармай бағасының теңестірілуі транзиттік көлікпен дизель отынын тұтынуды азайтуға мүмкіндік берді", - деп толықтырды энергетика министрлігінде.

Министрлік іс-қимыл жоспары түзетіліп жатқанын, қандай да бір қауіп-қатер туындаған жағдайда мұнай базаларындағы отын қорларын тұрақтандыру, оның ішінде тасымал мен "сұр" экспортты күшейту жөнінде шаралар қабылданатынын түсіндірді.

ЖЖМ бағасын көтерудің II кезеңі бойынша шешім қабылдау 2023 жыл ішінде экономикалық макро көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болмақ.

Энергетика министрлігі сұйытылған газдың құны туралы ақпаратына сүйенсек, оның тауар биржаларынан тыс өндіруші зауыттардан шекті бағасы тоннасына 33,6 мың теңгеден 40,32 мың теңгеге дейін көтерілгенін түсіндірді. Бөлшек сауда бағасы литріне 4-6 теңгеге өсті.

Министрлікте 2025 жылы ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарларға түсініктеме берді. Бүгінде осы жоба бойынша одаққа қатысушы елдермен түрлі деңгейдегі келіссөздер жалғасуда.

GlobalPetrolPrices деректері бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың 4 қыркүйегінде жанар-жағармайдың орташа құны литріне $0,471 немесе 216,64 теңге* (арзандығы бойынша әлемде 10 орын) құрайды. Ресейде – $0,565 немесе 259,88 теңге (13 орын), Қырғызстанда – $0,736 немесе литріне 338,54 теңге (20 орын), Беларусьте – $0,933 немесе 429,15 теңге (30 орын). Армения туралы деректер жоқ.

Бұған дейін, Қазақстанда ЖЖМ тапшылығы болжанған еді. Энергетика министрлігінде АИ-95 тапшылығы Ресейден импорт есебінен нивелирленетінін атап өтті.

*Ұлттық банктің бағамы бойынша $1 үшін 459,97 теңге.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.