Қазақстанда азық-түлік өндірісіне миллиардтаған қаражат жұмсалады

Ол үшін экожүйелер құрылмақ

11 октября 2021 года

Қазақстандық азық-түлік өндірісіне 754 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, инвесторлар 753,7 млрд теңге сала алатын жеті бағыт анықталды. Астық, қант, жеміс-жидек өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ, майлы дақылдар бойынша экожүйелер құру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, ет кәсіпорындарын іске қосуға инвестициялар көлемі 293,2 млрд теңгені құрауы мүмкін. Қуаты болжам бойынша жылына 186 мың тонна етті құрап, 7,9 мың жұмыс орны ашылмақ.

184,8 млрд теңге инвестиция салынатын алатын екінші бағыт – сүт өндіру және қайта өңдеу. Жаңа жобаларды іске асыру есебінен елімізде 640 мың тонна өнім шығарылады. 602 адам жұмыспен қамтылады.

Өңірлерде жалпы құны 12,6 млрд теңге болатын астық өндіретін және терең өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді деп күтілуде. Нысандардың қуаттылығы 580 мың тонна астықты құрайды. 15 мыңнан астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 150 мың тонна қант шығарылады. Бұл жобаны іске асыру 99 млрд теңгеге бағаланып отыр. Зауытта 300-ден астам адам жұмыс істейтін болады.

Қазақстанда дамытатын бесінші бағыт – жеміс өндіру және қайта өңдеу. Мұнда 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

"Инвестициялардың болжамды көлемі 3,5 млрд теңге, болжамды қуаты- жылына 14 мың тонна жеміс", - деп толықтырды министрліктен.

Ал жемістер мен көкөністерді шығаратын және өңдейтін кешендер мен зауыттар ашу үшін 64,5 млрд теңге тарту жоспарда бар. АШМ-де бәс тігетін жетінші бағыт – майлы дақылдар. Құны – 96,1 млрд теңге. Сонымен қатар, министрлік экожүйелерді қалыптастыру үшін инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасуда деп мәлімдеді.

Алайда, министрлік экожүйелер шеңберінде өндірістер құру кезінде белгілі бір тәуекелдер туындауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мысалы, инвестор тарапынан бас тарту, айналым қаражатының жетіспеушілігі, елдегі және әлемдік нарықтардағы тұрақсыз экономикалық немесе эпидемиологиялық ахуал және тағы басқалар.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, экожүйелер өңірлерді мамандандыру және қолданыстағы іске асырылып жатқан жобалар негізінде ресурстардың қолжетімділігіне сай құрылатын болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Падение доходов населения и уроки от Кыргызстана – что беспокоит главу Нацбанка
14 ноября 2025 года
Мясо и пшеница караванами: поставки казахстанских продуктов в Узбекистан растут. Инфографика
14 ноября 2025 года
В Казахстане введут биометрию и лимит на SIM-карты для борьбы с обманом
вчера
Казахстан и Узбекистан хотят совместно производить линейный алкилбензол
15 ноября 2025 года
США разрешили КТК, Кашагану и ТШО проводить сделки с Лукойлом и Роснефтью
15 ноября 2025 года
Правительство утвердило список тех, кто не сможет работать на упрощенке
14 ноября 2025 года
Неравная конкуренция: Шаяхметова о растущем влиянии государства в бизнесе
14 ноября 2025 года
В нескольких областях отмечено падение производства яиц и мяса
14 ноября 2025 года
Кредиты от телекомов и финтеха возьмут под контроль
14 ноября 2025 года
Банки активно кредитуют бизнес: выдано 14,7 трлн тенге за девять месяцев
14 ноября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.