Қазақстанда 125 млрд теңгенің зауыты салына бастады

Ресейлік инвестор басқа жобаны жүзеге асыруға ниетті

5 апреля 2021 года

Қарағанды облысында ресейлік инвестициялар есебінен шиналар шығаратын зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды LS премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаны Саран қаласында "Аллюр" және "Татнефть" компаниялар тобы KamaTyresKZ бірлескен кәсіпорны іске асырады. Оны жүзеге асыру 125 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ақпаратқа сәйкес, зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көпбейінді шинаны құраса, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізілмек.

"Зауыт Қазақстанның автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға және шиналардың импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40%-ын экспорттау жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру 2022 жылдың соңына жоспарланған. Кәсіпорында 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

"Шина зауытын салу жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты іс жүзінде кеңейгенін айғақтайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, битумды түрлендіруде, адгезивтерді, желімдерді, резеңкелерді және экологиялық таза шиналарды дайындауда қолданылатын бутадиен каучуктерін өндіру жобасы бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары туралы келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар, өндіріс қуаты-жылына 186 мың тонна бутадиен каучуктері мен 170 мың тонна изобутанды құрайды.

Бұдан басқа, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ресейлік компания арасында Қазақстанда битум зауытын салу туралы келісімге қол қойылды.

Бұған дейін, LS келесі жылдың көктемінде Қарағанды облысында 111 млрд теңгеге автошина шығаратын зауыт салынатыны туралы жазған болатын. Сондай-ақ, өткен жылы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек инфрақұрылымды жүргізу басталғанын хабарлады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
сегодня
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
сегодня
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
сегодня
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
сегодня
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
сегодня
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
сегодня
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
сегодня
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
сегодня
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
сегодня
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
вчера
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.