Қазақстанда ірі рейдерлер қамауға алынды

21 июля 2022 года

Қазақстанда рейдерлік шабуылмен айналысқан бірқатар адамдар ұсталды. Бұл туралы LS-ке қаржы мониторингі агенттігінде хабарлады.

Агенттіктiң ақпараты бойынша, 2022 жылғы 14 шілдеде қылмыстық іс-әрекеттің бір эпизоды бойынша қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде Тимур Танашев, Рауан Бабаев, Аңсар Алтыбасаров, Дастан Әбіжанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

15 шілдеде Алматы соты оларға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен бірге сот Елдос Коспаев үшін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Оған іздеу жарияланды.

Айдос Қоспаев пен Руслан Шалин де күдікті деп танылды. Агенттікте қазақстандықтарды осы адамдардан зардап шеккен жағдайда мемлекеттік органға жүгінуге шақырады.

Анықтама

Елдос Қоспаев BN Invest қаржы-өнеркәсіп холдингі директорының орынбасары болып табылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.