Қазақстанда ірі газ кен орнында газ өндіру басталды

22 декабря 2023 года

Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді, деп хабарлайды LS.

Үкіметтің мәліметінше, бұл нысан 2008 жылы кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде ашылған.

2040 жылға дейін бұл кен орнында 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарлануда.

Рожковское кен орнын игеру арқасында Ұлттық қор 501 млрд теңгеге, жергілікті бюджет 110 млрд теңгеге толықтырылады деп күтілуде.

"Рожковское кен орны қосымша табиғи газ көзіне айналады. Кен орнында өндірілетін шикізат "Жайықмұнай"компаниясында өңделетін болады. Аталған жоба шетелдік компаниялармен серіктестікте жүзеге асырылып отыр, ол қажетті жобалық шешімдерді дайындау мен қолдану барысында озық халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік берді", – деп атап өтті премьер-министр Әлихан Смайылов.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.