Қазақстанда қант одан әрі қымбаттамақ

23 июня 2022 года

Қант қымбаттауды жалғастырады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысы аясында мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол импортқа тәуелді тамақ өнімдеріне негізінен сыртқы факторлар әсер ететінін айтты.

"Импортқа тәуелділік бар көптеген өнімдер бойынша, мысалы – қант, қаласаңыз да қаламасаңыз да оған баға көтеріледі. Себебі бүкіл әлемде биржалық құн өсуде. Біздің жеткізушілеріміздің бірі Ресей жеткізуді шектегендіктен, бұл құнға әсер етпей қоймады", - деді ол.

Осыдан кейін ол азық-түлік бағасын ұстап тұруға бағытталған шараларды да тiлге тиек етті.

"Бізде негізгі тауарларға тапшылық жоқ, тек алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Олар бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленді. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация мен тұрақтандыру қоры тарапынан интервенциялық толтыру тетіктері мен айналым схемалары қолданылатын болады", - деді ол.

Министр, сондай-ақ, елге қанттың қосымша импорты туралы жағдайды түсіндірді.

"Біз бүгінге мақұлданған 350 мың тоннадан басқа тағы 100 мың тонна сұрадық. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі келіссөздер өткізіп, есептеулер жүргізуде. 15 шілдеде Беларусьте Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің келесі отырысы өтеді және онда біз бұл мәселені қосымша қарастырамыз", - деп жауап берді Сұлтанов.

Министр Қазақстанның шетелден қант сатып алу ниеті туралы сұрақтарға да жауап берді.

"Қазір бізде 350 мың тонна қант бар. Басқа елдерден тағы қант сұрап жатырмыз. Әлемде ірі жеткізушілердің бірі – Бразилия, Үндістан және Вьетнам. Бірақ Үндістан импортты шектегендіктен келіссөздер әлі жүргізілуде", - деп түйіндеді Сұлтанов.

Бұған дейін хабарланғандай, ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанға тағы 200 мың тонна қант бажсыз жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға қантты бажсыз әкелу 31 қазанға дейін ұзартылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.