Қазақстанда қанша ресейлік жүргенi белгілі болды

Еңбек министрлігінде жағдайды күнделікті бақыламақ

30 марта 2022 года

Қазақстанда 30 наурыздағы санақ бойынша 101 мыңнан астам ресейлік бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Орталық коммуникациялар қызметіндегi конференция барысында ол еңбек министрлігі ІІМ-мен бірлесіп, елге келген шетелдіктерге күнделікті мониторинг жүргізiлетінін түсіндірді.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда 101 мыңнан астам ресейлік бар. Оның ішінде 6 350 ресейлік жыл басынан бері жұмыс істеуге келді", - деді вице-министр.

Салыстыру үшін, 12 наурыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 5 181 адамды құрады. Сонымен қатар, Біржанов өткен жылы Қазақстанға жұмыс бойынша 18,8 мың РФ азаматы келгенін атап өтті. Оның пікірінше, көршілес елден халықтың үлкен ағыны әлі байқалмайды.

"Сондай-ақ, жағымды жақтары да бар. Жоғары білікті мамандар, ірі IT-компаниялар келеді. Мәселен сол InDriver компаниясы Қазақстанда өз өкілдігін ашады. Егер бұрын көп ақша төленiп семинарлар ұйымдастырылса, қазір компаниялар өздері келіп, қазақстандықтардың біліктілігін арттыру жеделдейді. Компанияларды ашқан кезде жұмыс орындары пайда болады. Біз кез келген жағдайда қанша адам келгенін, қандай мақсатта, не істеп жатқанын, мерзімдерді орындап жатқанын бақылауда ұстаймыз", - деп сендірді Біржанов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда ішкі еңбек нарығын қорғау үшін ақпан айында 3 және 4 санат бойынша шетелдік жұмыс күшіне квоталар саны 4,7 мың адамға қысқарғанын хабарлады. Алайда бұл шара ЕАЭО елдерінің азаматтарына қолданылмайды.

Бұған дейін, LS еңбек министрлігінің қазақстандықтарды шетелдік қызметкерлердің ағынынан қалай қорғауды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.