Қазақстанда құрылыс ережесі өзгереді

10 октября 2022 года
    

Қазақстанда 2023 жылдың соңына дейін қала құрылысы кодексінің жобасы әзірленеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде LS-ке құжаттың қандай мәселелерді шешетінін айтты.

Министрліктің мәліметінше, қалаларды салу кезінде Кодекстің болмауына байланысты бас жоспардың талаптары жиі бұзылады. Оның ішінде аумақтарды белгіленген функционалдық аймақтарға бөлу, құрылыс тығыздығының параметрлері, талап етілетін қабаттылық, шегіністерді, объектілер арасындағы қашықтықты ескеру сақталмайды.

Кодексті енгізудегі осы проблемаларды шешу үшін қолданыстағы салалық заң шеңберінен шығатын мәселелерді шешу жоспарлануда.

Оның ішінде бірқатар нормаларды заңнамадан кодекске көшіру арқылы "таза парақтан реттеу" қағидатын енгізу жоспарлануда.

Жеке және қоғамдық-құқықтық нормалар мен қатынастар дәлірек бөлінеді деп күтілуде. Қадағалаудағы қайшылықтар жойылады. Кодекстің өзі бүкіл елдегі қатынастарды реттейтін болады.

Министрлікте кодекс есебінен мемлекет, инвесторлар, құрылыс салушылар мен халық мүдделерінің теңгерімі пайда болады деп пайымдайды. Өзін-өзі реттеу институты пайда болады. Құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығы артады.

Бұл өз кезегінде салық түсімдерінің ұлғаюына, саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің өсуіне, жұмыспен қамтудың ұлғаюына және сервистік, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың қызметтерінің өсуіне әкеледі.

Сонымен қатар, жұмыс тобы қазіргі уақытта Кодекс жобасын құру үшін қадамдық шаралар жоспарын әзірлеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әкімдіктердің қала құрылысы кадастрын енгізуге асықпауына наразы болған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Черный рынок: в Казахстане растет наказание за незаконное использование воды
22 сентября 2023 года
В Алматы везут грузовики из Таиланда и косметику из Египта. Инфографика
22 сентября 2023 года
В Алматы изымают земли
сегодня
В Алматы проведут тренинги по финансовой грамотности для студентов
23 сентября 2023 года
В Казахстан стали больше завозить пшеницы и риса из России
23 сентября 2023 года
Елімізде суды заңсыз пайдаланатындарға жаза күшейтілмек
22 сентября 2023 года
Пострадавшие от дождей аграрии Костанайской области получат 17 млрд тенге субсидий
22 сентября 2023 года
В Казахстане пресекли контрабанду табачных изделий на миллиарды тенге
22 сентября 2023 года
В Казахстане предлагают ввести страхование ответственности мопедистов и самокатчиков
22 сентября 2023 года
В Казахстане решили продлить запрет на вывоз угля автотранспортом
22 сентября 2023 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.