Қазақстан теміржол шпалдарының экспортын еселеп арттырды

сегодня

Қазақстанда ағаш өнімдері өндірісі ұлғайғанымен, экспорт көлемі азайды, деп хабарлайды LS.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда теміржол және трамвай жолдарына арналған шпалдар мен кесілген, жарып бөлінген ағаш өнімдерін қоса есептегенде 165,2 мың текше метр орман материалы өндірілді. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе жоғары.

Терезе, есік және табалдырық өндірісі 45,6%-ға өсіп, 290,1 мың текше метрге жетті. Ағаш тара (жәшіктер, поддондар және т.б.) өндірісі 13,9%-ға артып, 2,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ағаштан жасалған өзге де өнімдер өндірісі 10,8%-ға өсіп, 1,9 млрд теңгеге жетті.

Алайда өндірістің артуына қарамастан, экспорт көлемі 4%-ға төмендеп, 61,1 мың тоннаны құрады. Сатылымнан түскен табыс – $27,8 млн.

Экспорттың басым бөлігін ағаш жаңқасынан және талшықтарынан жасалған плиталар құрады – 35,8 мың тонна (+1,7 есе), сомасы – $10,2 млн. Негізгі сатып алушы – Өзбекстан (34,9 мың тонна, +1,8 есе). Сондай-ақ, бұл өнім Тәжікстан мен Қырғызстанға да жеткізілді.

Бұдан бөлек, Қазақстаннан ағаш тары (жәшіктер, паллеттер және т.б.) экспорты 2,3 есе өсіп, 9,4 мың тонна болды. Ірі нарық – Германия (6,6 мың тонна, +5,3 есе). Сонымен қатар өнім Қырғызстан мен Нидерландқа да жөнелтілді.

Қаптама (облицовка) парақтарының экспорты 22%-ға артып, 3,1 мың тоннаға жетті. Бұл өнім Эстония, Түркия және Қырғызстанға жеткізілді.

Ағаш материалдарының экспорты 30,7%-ға өсіп, 1,8 мың тоннаға жетті. Өнім негізінен Чехия, Өзбекстан, Словакия, Аустрия, Германия, Эстония және Литваға жеткізілді.

Қазақстан теміржол шпалдарын экспорттауды күрт арттырды – 104,3 есе өсіп, 1,7 мың тоннаға жетті. Бұл көлемнің барлығы Өзбекстанға жіберілді.

Ал керісінше, желімделген фанера экспорты 3,3 есе қысқарып, 6,3 мың тонна болды. Импорттаушы елдер қатарында Нидерланд, Эстония, Украина және Тунис бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.