Қазақстан су электр станциясын Араб Әмірліктеріне неліктен сатпады

Инвестиция көлемі $6 млрд құрауы мүмкін еді

7 февраля 2022 года

Ұлттық экономика министрлігі LS-ке Қазақстанның екі су электр станциясын Біріккен Араб Әмірліктеріне сату ниетін неге өзгерткенін айтты.

Министрлiктiң мәліметінше, елде ESG талаптары мен қатар жаһандық энергетикалық және технологиялық көшу жағдайында елдің ынтымақтасты арттыру үшін инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде.

Бұл үшін қолданыстағы заңнаманы қосымша талдау қажет, өйткені экономикалық даму оның саясатын қалыптастыру мен іске асыру тәсілдерін уақтылы өзгертуді талап етеді.

"Осыған байланысты біз мәжілістен "ҚР үкіметі мен БАӘ үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы" заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдадық", - деп түсіндірді ҰЭМ-де.

Министрлiкте отандық және шетелдік инвесторлармен серіктестік және сенімді қарым-қатынастарды сақтап қана қоймай, стратегиялық шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты нығайту және дамыту маңызды болып қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, министрлікте елімізде Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту саясаты қайта қаралып жатқанын атап өтті. Оның ішінде "Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы"жобасы бүгінде пысықталуда. Ол экономиканың барлық салаларында ESG тұрақты даму қағидаттары негізіндегі теңгерімділікті көрсетуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкімет Шульба және Өскемен су электр станцияларын БАӘ инвесторлары сатып алуы тиіс болатын заң жобасын кері қайтарып алған болатын. Тартылған инвестициялар көлемі $6 млрд құрауы тиіс еді. Энергетика министрі болған Мағзұм Мырзағалиев сатылмақ үлес 74,99% болғанын хабарлаған еді.

* ESG (Environmental, social, and Corporate Governance) – экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
В Казахстане активно тестируют страхование пассажиров от задержек авиарейсов
31 октября 2025 года
Холодная вода – горячие счета: как подорожали комуслуги в Казахстане за пять лет. Инфографика
31 октября 2025 года
Правительство рассчитывает на снижение теневой экономики после изменений в раскрытии банковской тайны
сегодня
Работа мечты оказалась ловушкой: казахстанцев предупредили о новых схемах обмана
вчера
В Казахстане построят биофармацевтический хаб
вчера
Казахстан потратит триллионы тенге на решение проблем с водой
вчера
В Казахстане подорожали услуги юристов, бухгалтеров и IT-специалистов
вчера
RG Brands завершила контракт с PepsiCo
вчера
Бизнес против тарифной политики ҚТЖ: за три года стоимость перевозок выросла вдвое
31 октября 2025 года
В Алматинской области хотят запустить масштабный проект
31 октября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.