Қазақстан санкцияларға қалай төтеп бермек

9 августа 2023 года

Сыртқы істер министрлігінде (СІМ) LS-ке Қазақстанды санкциялардан қорғау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

Министрліктің мәліметінше, Батыс санкцияларының (АҚШ, ЕО, Ұлыбритания) отандық экономикаға теріс әсерін болдырмау үшін барлық мүдделі серіктестермен белсенді жұмыс жүргізілуде. 

Оның ішінде СІМ-де Қазақстан АҚШ, Еуроодақ және Ұлыбританиямен алдын ала ескерту қағидаты бойынша ынтымақтастық орнатқан жалғыз ел екенін хабарлады. 

Ведомство санкциялық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін байланыс тұлғаларын (focal points) анықтады. Бұл Қазақстанның Ұлттық экономика министрі және АҚШ мемлекеттік департаментінің саясат және экономикалық санкцияларды іске асыру жөніндегі кеңсесінің директоры.

Еуроодақ желісі бойынша-Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі санкцияларға қатысты ЕО-тың арнайы өкілімен тұрақты негізде өзара байланыста. 

"Американдық және еуропалық серіктестермен сындарлы диалогтың арқасында бүгінгі күнге дейін қазақстандық компанияларға қатысты Батыстың қайталама санкциялары енгізілген жоқ", - деп толықтырды СІМ-де. 

Бұған дейін, СІМ-де  Еуроодақ тарапынан санкциялардың 11-ші пакетін енгізу аясында Қазақстанға қайталама шектеулер қауіп төндірмейтініне сендірген болатын. Алайда, ведомство Қырғызстандық компаниялардың санкцияларына ұшырау қаупіне алаңдаушылық туғызды. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуандықов елдермен диалог барысында Қазақстанның географиялық ерекшелігін үнемі еске салу керектігін айтты. Осыған байланысты ел шығындарын азайту үшін үнемі жұмыс атқарылады. Өз кезегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге санкциялық тауарлардың экспорты туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Сонымен қатар, АҚШ-та Қазақстан үшін 1974 жылы енгізілген сауда шектеулерін алып тастауды ұсынылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.