Сарапшылар Қазақстан экономикасының допандемиялық көрсеткіштерге қашан оралатыны туралы LS-ке пікір білдірді.
Кейбір экономистердің пікірінше, экономиканы қалпына келтіру келесі жылдан басталуы мүмкін.
"2019 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге толық оралу шамамен 2025-2026 жылдары күтіледі. Қалпына келтіру келесі жылы басталады", – деді El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының төрағасы Тимур Жаркенов.
Ол елдің қаржылық жағдайына менеджмент әсер ететінін атап өтті.
"Егер карантинге ақылға қонымды көзқарас болса, экономикаға деген зиян аз болар еді. Қажетті шаралар бастапқыда қолға алынып енгізілсе, жағдай басқаша орын алуы да мүмкін бе еді. Ал қазір, бас санитарлық дәрігер кенеттен бизнесті қайта тоқтатса, қайтадан үлкен шығындар болады. Себебі дайындық жоқ. Мұның бәрі Қазақстан экономикасына әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан жүйелі шаралар керек", – деді Жаркенов.
Ол Алматыны мысалға келтірді. Сарапшының есептеулері бойынша, 2021 жылғы 21 наурыз бен 2 сәуір аралығындағы қатаң карантин кезеңінде мегаполис табыстың 20-30%-ын жоғалтқан.
"Алматы – негізінен қалған өңірлерге көтерме тауарлар мен қызметтерді жеткізуші. Ал мерекелік локдаун кезінде бөлшек қызметтер мен тауарлар секторы іс жүзінде тоқтатылды. Есептеулер бойынша, бұл пайда болған кірістің 20-30% құрайды", – деді сарапшы маман.
Өз кезегінде, AERC қолданбалы зерттеулер департаментінің басшысы Диас Құмарбековтың пікірінше, Қазақстанда пандемиядан барынша зардап шеккен секторлар қалпына келтірілуі тиіс. Оның ішінде қоғамдық тамақтану және тұрғындардың бос уақытын қамтитын қызметтер. Бұл ретте экономиканың нақты секторы 2020 жылы қысқарғаннан кейін өсе бастады. Ендігі жағдайы өзге елдердегі сауда серіктестерінің тарапынан түсетін сұранысқа байланысты.
"Экономиканың толық қалпына келуін 2022 жылдың басында күтуге болады. Көптеген сарапшылар 2021 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының қалпына келуіне үміт артқанына қарамастан, коронавирустық инфекцияның қайтадан таралуы тез қалпына келуді баяулатады", – деп түсіндірді Құмарбеков.
Экономист Арман Байғанов экономиканы қалпына келтіру жылдамдығы халықты иммундауға байланысты екеніне назар аударды.
"Егер вакцинация президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сыңына қарай, халықтың 5-10% деңгейімен бірдей қарқында жүрсе, онда Қазақстан экономикасы жылдар бойы қалпына келеді. Ал қазақстандықтар иммунитетті кем дегенде 50% жедел алатын болса, еліміз 2023 жылға қарай пандемияға дейінгі деңгейге оралуы мүмкін. Экономиканы қалпына келтіруге кем дегенде екі-үш жыл кетеді", – деп түсіндірді сарапшы.
Байғанов сондай-ақ, өткен жылы Қазақстан экономиканы қалпына келтіруге 6 трлн теңгеге жуық (ЖІӨ-нің 8%-ға жуығы) бөлгеніне назар аударды.
"Бұл коронавирустың кесірінен мемлекет жоғалтқан ақша. Бұл экономиканы қолдауға жұмсалған екі жылдық даму. Гипотетикалық тұрғыдан алғанда, залал одан да көп және бірнеше жылға созылуы мүмкін", – деді Байғанов.
Сонымен бірге, экономистің айтуынша, ел жағдайға бейімделіп, біртіндеп қалпына келе бастады. Алайда, қызмет көрсету және сауда сияқты секторлар халықты вакцинациялауға тікелей байланысты болып тұр.
"Ең бастысы, екпелерді енгізу механизмімен проблемалар туындамайды. Әйтпесе, манипуляциялар, олқылықтар мен сапасыз екпелер қазақстандықтарды үрейлендіріп, иммундау процесін ұзартады", – деп түйіндеді Байғанов.
Сонымен қатар, премьер-министр Асқар Маминнің болжауынша, осы жылдың қыркүйек айында 10 млн адамды иммундау күтілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында вакцинациямен халықтың 23,4% қамтылатын болады. Дейтұрғанмен, Қазақстанда вакцинация паспорты пайда болды.