Қазақстан ЕАЭО-ның кедендік әкелу баждарының сомаларын қайта қарау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы LS-ке қаржы министрлігінде айтты.
LS-ке ведомствода бұл мәселе 2024 жылғы 26 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қаралғанын хабарлады. Жиын қорытындысы бойынша кедендік әкелу баждарының бөлуге жататын сомаларын есептеу әдістемесіне қатысты жұмыстар жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл сомаларды бөлудің бекітілген нормативтері Қазақстан үшін 6,955%, Армения үшін 1,22%, Беларусь үшін 4,86%, Қырғызстан үшін 1,9%, Ресей үшін 85,065% құрайды.
Бұған дейін, сауда министрлігінде өзгеріс бойынша тиісті шешім ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттердің консенсусына қол жеткізілген жағдайда ғана мүмкін болатындығы туралы хабарланған болатын.