Қазақстан Батыстың санкцияларына жауап ретінде шоғырландырылған шаралар туралы келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы cыртқы iстер министiрлiгiнде (СІМ) мәлiмдендi, деп хабарлайды LS.
Бұған дейін РФ СІМ басшысының орынбасары Александр Панкин ЕАЭО-да бұл мәселе қаралып жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, жауап дүниежүзілік сауда ұйымы нормалары тұрғысынан заңды болуы тиіс.
ҚР СІМ-де Қазақстан ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістер тек экономикалық сипатқа ие екенiн атап өтті. Атап айтқанда, еуразиялық интеграция мекемелеріне тән емес функцияларды беруге жол берілмейтіні және бірлестіктің саясиландырылуымен келіспейтіні байқалады.
"Одақ туралы шартты реттеу нысаныны шеңберінен шығатын, оның ішінде үшінші елдердің санкциялық әрекеттеріне жауап шараларын қолдану жөніндегі бастамаларды талқылау мәнмәтінінде – Қазақстан Батыс санкцияларының негізінде, ең алдымен, саяси уәждері бар және ЕАЭО-ның барлығына емес, жекелеген мемлекеттеріне қарсы бағытталғандығын негізге алады", - делінген хабарламада.
Сондықтан, Қазақстан басқа мемлекеттердің санкцияларына жауап ретінде Одақ елдерінің "шоғырландырылған шаралары" туралы ешқандай келіссөздер жүргізбейді.
"Еуразиялық интеграция бойынша серіктестермен жұмыста мұндай санкциялардың біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсерін болдырмау жөніндегі бірлескен іс-қимылы туралы ғана айтуға болады", - деп түйіндеді СІМ-де.