Қазақстанға жұмыс іздеп келген ресейліктер қатары артуда

9 марта 2023 года

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен жұмысшылар ағыны күрт өсті, деп хабарлайды LS.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2022 жылы Қазақстанға Одақтан 76,2 мың адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,8%-ға көп (2021 жылы 44,6 мың адам).

Ең үлкен көрсеткіш Ресей азаматтарына тиесілі – 63,3 мың адам. Бұл 2021 жылы ЕАЭО-дан келген қызметкерлердің жалпы көрсеткішінен 41,9%-ға артық.

Қырғызстаннан 8,8 мың адам жұмысқа орналасты, бұл ресейліктерден 7,2 есе аз.

Армениядан 2,3 мың адам, Беларуссиядан 1,8 мың адам келді.

Еңбек министрлігі ЕАЭО туралы шартқа сәйкес жұмыс берушілер ұлттық еңбек нарығын (квоталарды) қорғау жөніндегі шектеулерді ескермей, Одақтан еңбекшілерді тарта алатынын еске салды. Бұл елдердің азаматтарына үшінші елдердің өкілдері сияқты жұмысқа орналасатын елде жұмыс істеуге рұқсат алудың қажеті жоқ.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда ресми түрде 13,5 мың шетелдік жұмыс істейтінін хабарлаған болатын. 2023 жылғы 1 ақпанда басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 мың рұқсат (екінші санат), мамандар үшін 7,4 мың, білікті жұмысшылар үшін 883, маусымдық жұмыстар үшін 217, корпоративтік ауыстыру шеңберінде 1,4 мың рұқсат алынды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.