Қазақстанға қажет мамандықтар тізімі кеңейтіледі

сегодня

Қазақстанда шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алуына негіз болатын сұранысқа ие мамандықтар тізімі толықтырылмақ. Бұл туралы Көші-қон комитеті LS-ке мәлімдеді.

Комитеттің мәліметінше, қазіргі тізімде 51 сұранысқа ие мамандық бар. 2026 жылы көші-қон саясатын ынталандыру моделіне көшіру жоспарланған. Бұл ретте елге сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды тартуға басымдық беріледі.

Осы мақсатта үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Құжатта сұранысқа ие мамандықтар тізімін 51-ден 174-ке дейін кеңейтіп, оны үкімет деңгейінде бекіту ұсынылған.

Жаңартылған тізімге денсаулық сақтау, инженерия, өңдеу және құрылыс, цифрлық даму мен аэроғарыш өнеркәсібі, биотехнология және геномдық медицина, жасыл және атом энергетикасы, педагогика, қаржылық технологиялар, көлік және байланыс, су ресурстары мен ирригация, ауыл шаруашылығы және басқа да салалар енгізілген.

Тізімге жаңадан енгізу ұсынылған мамандықтардың қатарында ұшқыштар, кванттық технологиялар саласының мамандары, робототехника инженерлері, биоинформатиктер, ядролық инженерлер, су ресурстары инженерлері және басқа да жоғары білікті мамандар бар.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.