Қазақстан Өзбекстанға шамамен $12 млн автокөліктер жеткізбек

Көрші елге 766 автокөлік импортталады

29 января 2020 года
    

Шамамен $12 млн қазақстандық автокөліктер Өзбекстанға жөнелтіледі, деп хабарлайды LS KazakhExport-ке сілтеме жасап.

Мәміле Қазақстаннан Өзбекстанға авто экспортын ұлғайту туралы келісім аясында жүзеге асырылды.

"Қазақстан мен Өзбекстан "СарыарқаАвтоПром" алаңында бірлесіп шығарылған автокөліктердің экспортын арттыруға келісті. Ынтымақтастық туралы тиісті келісімге KazakhExport басқарма төрағасы Руслан Ысқақов пен "Узавтосаноат" басшысы Шавкат Өмірзақов Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен өткен Ұлттық павильонда Chevrolet модельдік қатарын таныстыру барысында қол қойды. Құжат Өзбекстанға қазақстандық автомобильдердің экспортын қаржыландыру бойынша қаржы-сақтандыру құралдарын қолдануды қарастырады. Қол қойылған келісім аясында JAC S3 және JAC S5 маркалы 766 автомобильді жеткізуге $11,8 млн алғашқы мәміле жасалды", – деп хабарлады компанияда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов Өзбекстан, Украина және басқа да ТМД елдерінде авто сату жөніндегі өзінің жоспарлары туралы хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.