Қаржы министрлігі бизнесті тексеруге мораторийді бұзбақ

Ведомство басшысы қаражатты барынша бюджетке жинауды қолдайды

2 сентября 2021 года

Қаржы министрлігі шағын бизнесті тексеруді қайта бастамақ, деп хабарлайды LS.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдаған.

"2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз", – деді министр.

Ол, сондай-ақ, бұл бюджет кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан басқа, ведомство басшысы квазимемлекеттік сектор компанияларының бірінші басшыларының даму жоспарларындағы стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін, соның ішінде квазимемлекеттік сектор компанияларының шығындарына жол бергені үшін жауапкершілігін заңнамалық түрде бекітуді ұсынады.

"Министрлік жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының уақтылы орындалуына бақылауды күшейтті. Ол үшін объектілерді іске асыру тәсілдері әзірленді, оларға сәйкес объектілердің 50%-ы ағымдағы жылы, 30%-ы 2022 жылы және 10%-ы 2023 және 2024 жылдары қойылуы тиіс. Әкімдіктердің, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың қызметін бағалау кезінде жекешелендіру жоспарын іске асыру үшін жауапкершілікті күшейту үшін оның орындалуын ескеру ұсынылады", – деп жалғастырды Жамаубаев.

Тұтастай алғанда, ұсынылып отырған шаралар 2025 жылдың соңына қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін ЖІӨ-ге қатысты 14%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деп есептейді ол.

Бұл ретте қаржы министрлігі халыққа бюджетті қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік беретін заңнамаға тағы да бірқатар түзетулер енгізуді жоспарлап отыр.

"Түзетулер абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бюджетіндегі "халықтың қатысу" үлесін 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, халықты осындай шешімдерді қабылдау шараларына тарту оның ашықтығын қамтамасыз етеді, азаматтардың жергілікті билікке сенімін нығайтады, халықтың хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттырады және инфрақұрылым объектілерінің сапасы мен ұқыпты пайдаланылуы үшін ортақ жауапкершілікті қамтамасыз етеді", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекеттік органдар шағын және микробизнесті тексеруге мораторийді бұзуды жалғастыруда. Жалпы, мораторий қолданыла бастағаннан бері Қазақстанда шағын бизнесті тексеру жеті есеге қысқарды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.