БТА-НЫ КІМ САТЫП АЛАДЫ?

12 марта 2011 года
«Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі «БТА-ны кім алады» ойынына неғұрлым көп инвесторлардың қатысуын қалайды. Бұл жөнінде Самұрық-Қазынаның басқарушы директоры Питер ХАУЗ LS-ке берген сұхбатында айтты. - ENRC-дің мемлекеттік акциясы Самұрық-Қазынаға берілді ме, әлде әлі Қаржы Министрлігінде ме? - Ол Қаржы Министрлігінің мемлекеттік мүлік басқармасы комитетінде. - Бірақ мемлекеттік пакетті беру туралы сөз осыдан 2 жыл бұрын қозғалған еді… - Бұл туралы 2 жылдан да бұрын айтылған еді, алайда бұл мемлекеттің ісі. Біз дайынбыз, біз Англияда қосымша салықтар төлемеу үшін барлық шараларды қолдандық. Ол жақта күрделі процесс, біз бәрін шештік. - «Таукен-Самұрықтың» стратегиясы қандай болады: ол жәй тау-кен компанияларындағы акцияның мемлекеттік пакеттерін басқарады ма немесе өзі барлау немесе өңдеумен айналысады ма? - «Таукен» барлық секторды дамытуы қажет, институциональдық инвесторларды тартумен қатар, жергілікті және шетелдік инвесторлар жұмысына қалыпты жағдай жасауы керек. Олар қайта бөлуді дамытуы, үстеме баға болуы үшін диверсификациямен айналысуы қажет. Бұл - олардың міндеті Инвестициясыз бұны жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан олар инвестиция тартады. - Олар инвестицияны қайдан көбірек тартады: жергілікті нарықтан ба, әлде шетелден бе? - Екі жақтан да. -Сонда да шетелдік инвестицияға бас көңіл бөлінеді ме әлде… - Бұл әлі белгісіз. Бұл нарықтағы жағдайға байланысты. Дегенмен «Таукен-Самұрық» – бұл start-up. Онда капитал салу қажет, займдар тарту мүмкін емес. Біздің компанияларымыз дамымай тұрып берілген жағдайда және оған кейіннен қосылатын қосалқы құнды айтар болсақ, бұл бізге тиімсіз. - БТА Банк туралы. Оның өмір сүре алатын жағдайы бар ма? - Бақытыма орай, мен жеке өзім банктармен айналыспаймын, сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Дегенмен, банк үшін көптеген жұмыстар жасалды. Әрине, көптеген сыбыстар бар, бірақ мен олардың дәлелді себебін көріп тұрғаным жоқ. - Ресей Сбербанкінің БТА-ны алуға ниетті екені белгілі. Соңғы уақытта Халық Банк БТА-ны сатып алуы мүмкін деген ақпарат таралып жүр… - Менің ойымша, бір ғана сатушының болғаны баға үшін тиімсіз. Қалыпты мәмілені іске асыру үшін бәсеке болуы қажет. Халық Банк жөнінде түсінік бере алмаймын. Мен БТА-ны сатып алғысы келетін басқа да мүдделі банктер бар деп ойлаймын. - Қызығушылық білдіргендер ме? - Мен басқалары да бар деп естідім. - Шетелдік немесе… - Шетелдік. - Яғни олар бірнешеу ме? - Ия. - «Халықтық IPO» жөнінде: қандай мерзімде, қандай пакеттер және қандай компаниялар орналастырылады? Жылдың соңына дейін кем дегенде бір орналастыру жасау мүмкін бе? - Қазір процесс жүріп жатыр. Уақыт өте келе біз егжей-тегжейлі айтатын боламыз, қазір түсіндіру ертерек. Біз қазір IPO үшін қандай компаниялар ең жақсысы, қайсысы дайындығы бар екенін таңдаудамыз.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.