«Болмаған нарықты» реттеуге тырысқан іс әрекеттер

30 июня 2011 года
Айнұр Қарғалинова Инвестициялық компаниялар, жинақтаушы зейнетақы қорлары, банктер сынды нарықтың кәсіби қатысушыларымен болған бейресми әңгімелерде қаржы реттеушісіне қаратып айтылған үндеулерді жиі естуге болады. Реттеулердің шектен тыс жүргізіліп жатқаны қаржыгерлерді қатты алаңдатып отыр. «Real-Invest.kz» АҚ қаржы компаниясының негізін қалаушылардың бірі Бақыт Ниязов мемлекет органдарының «жоқ нарықты» реттеуге тырысқан іс әрекетіне алаңдаушылық білдіріп, наразылығын жасырмады. -Бақыт, жетекшілік қызметтен шеттеу әр кезде түрлі болжамдарды тудырады. Шындығына келгенде не жағдай болды? Ұлттық банктің қаржылық бақылау комитетінің шешімімен келісесіз бе? - Басшылық қызметтен босатылуымды сабырмен қабыл алдым. Бұрынғы АФН (ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйым¬дарын реттеу мен қа¬да¬ғалау агенттігі), қазіргі КФН (Үлттық банктын сәкес комитеті) қаржылық ұйымдардың жазықты жетекшілерін орнынан босату сияқты санкцияны қаншалықты жиі қолданатыны туралы білуге қызығушылығым оянған болатын. Білгенім, мұндай жағдай көп орын алмаған екен. Алайда, бұл ретте Альянс Банкінің бұрынғы топ-менеджерлерін қызметтерінен босатылғандарын көлденең тартуға болады. Ал Васильевамен болған жағдай туралы, шыны керек, мүлдем хабарым жоқ. Компанияның жағдайы ойдағыдай: клиенттердің де, акционерлердің де көңілдері жайдарлы. Жуырда Real-Invest.kz -те тексеріліс жүргізілді. Кейбір ұсақ ресми олқылықтар болмаса, басшылық қызметтен босатуға негіз боларлық жағдай орын алмады. Қасақана заңбұзушылық, клиенттерді алдау сияқты алаяқтық іс әрекеттер жасалмады. - Дегенмен қандай заң бұзушылықтар анықталды? - Мәселен, клиенттеріміз LSE-мен шарт жасасқанда, жұмыс аталмыш алаңның ережесіне сәйкес жүргізілді.Алайда, барлық шарттарды казақстандық «Республикалық құнды кағаздар туралы» заңнамасына сәйкес жүргізу тиіс. Мұндай қателіктер жұмыс барысында болып тұрады. Бірақ, жақсы жері кемшіліктерді дер кезінде жою қолға алынып отырады. - Сонда мәселе неде болып отыр? Неліктен КФН осындай қадамға барды? - Осындай қатаң шешімнің қабылдануына не себеп болды дегеніңіз келіп тұр ма? Бұл ретте, регулятордың құзырында осындай шешімдерді ешкімнің пікіріне сүйенбей-ақ қабылдай алу мүмкіндігі бар екенін ғана алға тарта аламын. Бұл жүйенің ішінара қалай жұмыс жасайтынын білемін. Егер тексеру жүргізілсе, міндетті түрде заң бұзушылық анықталып, әлдебіреу жазасын алуы тиіс. Мені мемлекеттік органдардың мүлде жоқ нарықты реттеуге тырысқан әрекеттері алаңдатады. Мысалы, прокуратура: «неліктен біз акцияларды төмен бағаға сатып алып, кейіннен зейнетақы қорларына қымбатқа сатамыз?» деп жар салады. Әрине, олар жұмысын тиянақты атқарып, осал тұстарды анықтап, кемшіліктерді жоюға тырысады. Бұл жерде бір ғана кемшілік бар: өтімділіктің, нарықтың жоқтығы. Дұрыс құнды қағаздар нарығы болмайынша, оғаш көрінетін әрбір келісімдерді бақылап отыру қиынға соғады. Сондықтан да, нарыққа кең тұрғыда қарайтын болсақ, мемлекет мүмкіндіктерін әр түрлі бағытта қолдануы тиіс деген талап туындайды. Айыппұл төлетіп, қатаң жазалап отырумен ғана шектелсе, қаржылық жүйенің алға баса қоймайтыны ақиқат. Мәселен, біз 12 айдың жартысын құжаттарды ақтарып, тексеріс жүргізумен өткіземіз. Сонда қашан жұмыс жасаймыз? Мемлекеттік органдар банктік емес институттарға ақша табуға мүмкіндік бере отырып, жүйенің қаржылық тұрақтылығын көтеруге үлес қосса игі еді. Бүгінде банктік емес қаржылық институттарды дамтуға үлесімізді қосуымыз қажет. Сонда ғана, тұрақты қаржы нарығын қалыптастыра аламыз. Үндістанның тәжірибесіне де ерекше назар аудару керек. Осы мақсатта арнайы Үндістанға барып, олардың нарық моделін зерттедік. Бұл модельдің артықшылығы - ұтыс беріп, ынталандыру арқылы адамдарды көптеп тартуға бағытталғанын аңғаруға болады. Сонымен қатар, қатысушалар арасында басекелестік ортанын болуына жағдай жасайтынының өзі ойға қонымды-ақ. Үндістанда мемлекеттік органдардың барлығы жергілікті ойыншылардың қомақты ақша табуларына еш наразылық білдірмейді. Сондықтан да, бұл елде ішкі ресурстарды дамыту қолға алынған деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл біздің елімізге үлгі боларлық тәжірибе екеніне сенімдімін.Сол себепті, күштеп жұмылдыру әдісінің көп жағдайда нәтижесін бере бермейтінін ұмытпаған жөн дегім келеді. - Real-Invest.kz КФН-нің шешіміне келіспей, наразылық білдіруге дайын ба? - Біз бейбітшіл компаниямыз. Достарымызбен, бұрынғы әріптестерімізбен кикілжіңге түспеуге тырысамыз. Біздің барлық лицензиялардан бас тартқанымыз жайында да ашық айта аламын. Бұл жөнінде комитетке де айтқан болатынмын. Біз арнайы JAZZ-capital деп аталатын халыққа қызмет етуге бағытталған жаңа компания құрдық. Ал жуырда Real-Invest нарықтан кетіп баратыны туралы барлығын хабардар еткен болатын. Васильева АФН төрағасы болып қызмет атқарған Елена Бахмутованы әңгімеге тарту мүмкіндігіне ие болды. Әңгіме барысында барлық уағдаластықтар шешімін тауып, маңызды мәселелердің көкжиегі ашылды. Елена Бахмутова өзін кәсіби басшы ретінде көрсете білді. Лицензияға да қолдары жетті. Болашақта кемшіліктерді жою қолға алынбақшы еді. Қызметтен шеттетілуі ойламаған жерден болды. - Сіздің ойыңызша, жұмыстан шеттету қаншалықты қажетті механизм? Әсіресе жекеленеген құрылымдарда? - Жұмыстан шеттетілу басшының өз жұмысын дұрыс атқармауы салдарынан, қаржы институтына кері әсерін тигізу қаупінен туындап отыр. Ал қалған жағдайларда бұл механизмді аса орынды деп есептемеймін. Қолданған күннің өзінде белгілі бір логикаға сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мысалы, Петров делік, басында біліктілік талаптарына сай келмей, бірақ тәжірибе жинақтаудың барысында кәсібилігін шыңдай түседі. Бұл жерде кем дегенде оны тыңдау қажет. Өз аузынан есту қажет. Елена Василиевамен болған жағдай туралы БАҚ арқылы ғана құлағдар болдық. Еленадан бұл жағдай туралы баяндап беруге неліктен алдын ала дайындалмағандығы жөнінде сұраған едім. Ал ол болса өз тарапынан жұмыстан шеттетілгені туралы ешкімнің сөз қозғамағанын мәлім етті. Менің ойымша, әрбір бақылаушы жүйе қауіпті тенденциялардың алдын алуға бағытталуы тиіс. Міне, басқа емес осыған реттеуші күш пен қаражат жұмсағаны абзал. Мысалы, қаржылық нарықта сауатты жеке инвесторлардың шет ел асып кетіп қалу тенденциялары байқалады. Олар «ақ» брокерлер арқылы кетпей, «сұр» форекс-клубтар немесе батыстық делдалдар арқылы тікелей шет елге кетіп қалып жатады. Ал егер шет елдік брокерлер белшесінен қарызға батса, клиенттер, әсіресе Қазақстандықтар зиян шегуі мүмкін. Тағы бір айтат кететін жайт, Қазақстандық нарықта халықты қаржылық нарықтан аластату үрдісі байқалады. Бізге жуырда шетелдік нарықтағы келісімдерді есепке алу жүйесін қондырып берді. Жүйе бойынша, клиенттерден 2 пайыз комиссияны ғана ұстауымыз қажет. Бұл жерде адамдардың өз инвестицияларын тәуекел етіп, кетіп қалулары да орынды. Міне, осы мәселелер төңірегінде реттеуші көп ойланып, бір шешімге келгені абзал. - Бұл жағдай сіздің компанияңызға қандай зиян келтіреді? - Біз қаржылық нарықтан кеткіміз келмейді. Алайда, қатаң бақылаудың салдарынан аталмыш нарықта қомақты қаражат, пайда табу әзірге қиындық тудырып отыр. Менің кейбір әріптестерім комиссия мөлшерінің аздығына байланысты РЦБ-ны тастап кетті. Менеджментті ауыстыру біз үшін реттемеленген процесс болып табылады. Біз оны енді ғана бастадық және бұл рәсімдердің қанша уақытқа созылатыны беймәлім. Болашақта бірнеше жобаларды іске асырмақ ойымыз болып еді. Бірақ ең маңызды шақта басшымызды жұмыстан босатып жіберді. Менің ойымша, мемлекеттік органдар компанияларға қалай да көмек беруге тырысуы қажет. Міндетті түрде тұрақты қаржылық конструкцияны құруы керек. Егер Қазақстанда брокерлер арасында Халық пен Казком ғана қалса бұл жақсылықтың нышаны емес. LS анықтамасы: Халқы банкінің қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды бақылау мен қадағалау комитетінің бұйрығы бойынша 2011 жылдың 20 маусымынан бастап АҚ «Real-Invest.kz» қаржылық компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы Елена Васильева қызмет бабынан шеттетілді. Real-Invest.kz жүргізілген тексеру барысында анықталған құнды қағаздар нарығында жіберілген заң бұзушылықтың салдарынан қызметінен босатылды. Real-Invest.kz компаниясының тобына мыналар кіреді: «Real-Invest.kz» АҚ қаржылық компаниясы, «REAL ASSET MANAGEMENT» АҚ басқарушы компаниясы, «Фаворит» сауда белгісі, «REAL-CREDIT.kz» ЖШС микрокредиттік ұйымы, «REAL Art production.kz» ЖШС продюссерлік компаниясы, «JAZZ CAPITAL» АҚ броккерлік үйі, «JAZZ CAPITAL» АҚ тауар белгісі және «REAL-GOLD» ЖШС зергерлік компаниясы.
Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.