Қанша қазақстандық Түркиядан баспана сатып алды

9 февраля 2023 года

LS редакциясы 2022 жылы қанша қазақстандық баспана сатып алып, Түркияға көшкенін анықтады.

Шет елдің статистикасына сүйенсек, 2022 жылы қазақстандықтар осы елде 2,7 мың тұрғын үй сатып алды. Ең жоғары белсенділік сәуірде (311 бірлік) және маусымда (318 бірлік) байқалды.

Тұрғын үй сатып алу бойынша 2022 жылы Қазақстан Германиядан кейін бесінші орынға орнықты. Көшбасшылардың үштігіне Ресей (16,3 мың), Иран (8,2 мың), Ирак (6,2 мың) кіреді.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар Түркиядағы 48 нысанды декларациялады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Түркияға тұрақты тұруға 85 адам кеткен. Түркиядан көшіп келгендер саны 171 адам.

Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан мен Түркияның өзара саудасы туралы инфографика дайындаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанға қараған түні Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі басталды. Anadolu агенттігінің мәліметінше, құрбан болғандар саны 12,3 мыңнан асты. 62,9 мың адам жарақат алды.

Қазақстандық IT-кәсіпкер Мирболат Құрмашев пен екі қазақстандық әріптесіне іздеу жұмыстары нәтижесінде Сабина Мамадьярова, сондай-ақ Түркия азаматы Кубилай Кускин тірі табылды. Еріктілердің соңғы ақпарат бойынша, Құрмашев пен Әділ Қадырбеков әлі де үйінділердің астында.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.