Америка қазақстандық сегіз жобаны іске қосуға көмектеседі

3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады

19 сентября 2022 года

АҚШ инвесторлары Қазақстанда 320 млрд теңгеге жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі, деп хабарлайды LS.

Инвестициялық пулға сәйкес, Қазақстанда АҚШ инвесторларымен бірлесіп сегіз жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны 321,5 млрд теңге. Нәтижесінде 3,3 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналаса алады деп күтілуде.

Бұл жобалар 2022-2027 жылдары Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматыда іске асырылмақ.

Қазіргі уақытта үш нысан салынып жатыр. Мәселен, елдің шығысында қуаттылығы жылына 39 мың тонна шошқа етін өндіретін кәсіпорын салынуда. Құны – 117 млрд теңге. 1,7 мың жұмыс орны құрылады. Ал Ақмола облысында 105 млрд теңгеге бағалы металдарды (алтын) өңдеу және байыту ісі қолға алынады. Ол нысандардың ашылуы келесі жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Қарағанды облысында 30,5 млрд теңгеге "SX–EW әдісімен мысты шоғырлы сілтісіздендіру зауытын салу" жобасы бойынша құжаттама дайындалуда. Алматыда американдық компаниялардың қатысуымен 25 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйесін және 17,5 млрд теңгеге вакциналар өндірісін ашу жоспарланған.

Бұған дейін, АҚШ инвесторы Павлодар картопына қызығушылық танытып, оны өңдеуді жоспарлғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, шетелдік компания Павлодар өнімдерінің шет елдерге саудасы мен маркетингін жолға қоюға дайын екендігі атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркте жүр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.