Алматыда заңсыз нысандарды бұзу жұмыстары күшейді

сегодня

Алматы әкімдігі бірнеше құрылыс компаниясына қатысты сот процестерін жүргізіп жатыр. LS тілшісі бұл мәселеге қатысты қалалық қала құрылысын бақылау басқармасынан мән-жайды білді.

2025 жылдың қаңтар айынан бері басқарма сот органдарына 88 талап арыз түсірген. Бұл арыздар заң талаптары мен құрылыс нормаларының бұзылуына қатысты.

Олардың 41-і бойынша сот талапты қанағаттандырды, ал 47 іс әлі де сотта қаралып жатыр.

Талап-арыздардың 50-і заңсыз нысандарды бұзу жөнінде болса, 38-і уәкілетті органның берген ұйғарымдарын орындатуға бағытталған.

"2025 жылдың басынан бастап заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде 47 заңсыз тұрғызылған нысан сүрілді",- деп хабарлады басқармада.

Сонымен қатар, қала бойынша Әділет департаментінде заңды күшіне енген 78 атқарушылық парақ заңсыз нысандарды бұзу бойынша орындалу сатысында тұр.

Бұған дейін, LS редакциясы Алматыдағы Никольский базары аумағындағы жер телімі мен жылжымайтын мүлік мемлекет пайдасына тәркіленгенін хабарлаған болатын.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.