Алматыдағы цемент зауыты әзірге жабылмайды

вчера

Алматыдағы даулы зауыт санитариялық-қорғау аймағының (СҚА) мөлшерін азайтып, бұрынғы орнында қалу үшін жаздың ортасына дейін уақыт алды. Бұл туралы LS-ке жауапты мемлекеттік орган хабарлады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, қазіргі таңда "Нұртау Темір" зауытының нормативтік СҚА мөлшері 300 метрді құрайды. Алайда, нысан мен тұрғын үйлердің арақашықтығы бұл көрсеткіштен аз.

Сонымен қатар, санитариялық ережелерге* сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бұл аймақты (ұлғайтуға немесе азайтуға) өзгертуге құқығы бар. Бірақ ол үшін бір жыл бойы жүргізілген жүйелі зертханалық бақылау материалдары негізінде қауіпсіздік деңгейіне қол жеткізілгенін дәлелдейтін объективті деректер ұсынылуы қажет.

Осылайша, кәсіпорын бір жылдық зерттеу циклі аяқталғаннан кейін СҚА-ны азайту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуге құқылы.

Бақылау мерзімі 2025 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Бұл мерзім ҚР Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқасының 2024 жылғы 12 шілдедегі қаулысына сәйкес белгіленген.

"Егер СҚА-ны азайту бойынша объективті дәлелдемелер ұсынылмаса, жергілікті атқарушы органға аталған өндірісті көшіру туралы ұсынымдар жіберілуі мүмкін", - деп атап өтті комитет өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство СҚА-ны азайту мүмкін болмаған жағдайда "Нұртау Темір" қызметінің заңдылығы азаматтық тәртіпте даулануы мүмкін екенін айтты.

Айта кету керек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бұған дейін, Алматы қаласының Жетісу ауданының тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа аталған кәсіпорынның қызметіне қатысты сауал қойған болатын. Оның айтуынша, тұрғындар СҚА мөлшері 300 метрді құрайтыны жөнінде Жоғарғы сотта жеңіске жеткен, алайда зауыт жұмысын жалғастырып жатыр.

Өз кезегінде Е. Досаев бұл мәселе бойынша денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын білетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, жергілікті тұрғындар бірнеше жылдан бері зауытты көшіруді талап етіп, сот арқылы оның жабылуына қол жеткізуге тырысып келеді. 2023 жылдың ақпанында зауытты Алматы облысына көшіру мәселесі қарастырылған болатын.

*ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген "Қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсер ететін нысандардың санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар".

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.