Алматыда аспанмен таласатын жаңа кешен салынбақ

вчера

Алматыда 40 қабатты кешен салу жоспарланып отыр. Бұл жобаға қатысты заңдылық туралы LS тілшісіне қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мәлімдеді.

Мегаполистегі құрылыс талаптарына сәйкес, Абай даңғылының оңтүстігінде, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Яссауи көшесінің шығысында және Шығыс айналма жолының (ШАЖ) батысында орналасқан аймақта тұрғын үйлердің биіктігі тоғыз қабаттан, ал жердің орташа жоспарлы деңгейінен парапетке дейінгі биіктігі 35 метрден аспауы тиіс.

Алайда 40 қабатты нысан Тимирязев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында салынатын болады.

Басқарманың LS редакциясына жолдаған ресми жауабында көрсетілгендей, бұл аумақта тоғыз қабаттан биік көпфункционалды ғимараттар салу үшін олардың қоғамдық маңызын дәлелдейтін архитектуралық және қала құрылыстық негіздеме болуы шарт. Сонымен қатар, жоба тұрақты инженерлік шешімдерге сүйеніп, энергия мен ресурстарды үнемдейтін, сейсмоизоляциялық технологияларды қамтуы тиіс. Бұдан бөлек, құрылыс қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді барынша азайтуы қажет.

Басқарма тапсырыс берушілер ұсынған ақпаратқа сүйене отырып, жобаның бас жобалаушысы көпқабатты ғимараттар саласында мол тәжірибеге ие екенін хабарлады. Аталған кешенді жобалауға құрылымдық инженерия бойынша әлемге танымал LERA компаниясы тартылған. Бұл ұйым – халықаралық деңгейде танылған жетекші консалтингтік және жобалау компанияларының бірі.

"Жобаға ҚазГИИЗ және ҚазНИИСА сарапшылары серіктес болып отыр. Бұл команда Esentai, Talan Towers секілді ғимараттарды, сондай-ақ Ыстамбұл мен Нью-Йорктегі биік нысандарды жобалауға қатысқан тәжірибелі мамандардан құралған", – деп нақтылады басқарма өкілдері.

Басқарманың мәліметінше, тапсырыс берушілерде алдын ала жобалық құжаттама, 2024 жылдың 24 шілдесінде Rakhat Palace қонақүйінде өткен қоғамдық тыңдаудың хаттамасы және 2024 жылдың 16 ақпанында берілген қала құрылысы кеңесінің мақұлдауы бар.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, құрылыс басталғанға дейін барлық жобалық құжаттама міндетті түрде мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Алайда, басқарманың өзі жұмыс жобаларын (соның ішінде архитектуралық шешімдер немесе басқа бөлімдер) келісумен де, жобалық-сметалық құжаттаманы сараптаумен де айналыспайды.

"Егер бұл аумақтағы архитектуралық, қала құрылысы немесе құрылыс жұмыстары азаматтардың, қоғамдық ұйымдар мен заңды тұлғалардың мүддесіне кері әсер етсе, олар қабылданған шешімдерді әкімшілік жолмен немесе сот арқылы да тоқтата алады. Бұл әсіресе заңнама мен мемлекеттік нормаларға қайшы түрде нысанды орналастыру, жобалау, салу (не қайта құру) немесе пайдалануға беру жағдайларына қатысты. Сонымен қатар, мүдделі тараптар сотқа жүгініп, мұндай заңбұзушылықтармен жүзеге асып жатқан қызметті шектеуді, уақытша тоқтатуды немесе мүлде доғаруды талап ете алады", – деп түсіндірді басқармада.

Бұған дейін, LS редакциясы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына тұрғын үйді реновациялау бағдарламаларын өздері әзірлеуге мүмкіндік берілетінін хабарлаған еді.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.