Алматыда үш зауыт салынады

400-ге жуық адам жұмыспен қамтылады

16 февраля 2022 года
    

Алматыда жалпы құны 14,8 млрд теңге болатын үш өндірістің ашылуы күтілуде. Бұл туралы LS-ке қала әкімдігінде хабарлады.

Жаңа жобалар құрылыс индустриясы, металлургия және тамақ өнеркәсібінде жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 400-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Биылғы жылы алюминий және биметалл радиаторларын өндіру зауытын салу жоспарланған (екінші кезең). Құрылыс 12,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Ақпаратқа сәйкес, бірінші цехтың панельдерін орнату аяқталады. Жұмыспен 250 адам қамтылмақ.

Сондай-ақ, 1,2 млрд теңгеге темірбетон бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорын толық циклді болады деп атап өтілді. Қазіргі уақытта жер жұмыстары жүргізілуде және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Мегаполисте 1,12 млрд теңгеге ірімшік өнімдері мен қонақ үй-мейрамхана бизнесіне арналған өнімдер шығаратын зауыт іске қосылады. Ақпаратқа сәйкес, сәулет-жоспарлау тапсырмасы алынып, жобалау және құрылыс ұйымымен шарттар жасалды. Жобаның қуаттылығы жылына 2,1 мың тонна өнімді құрайды деп күтілуде. Зауытта 70 адам жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін, LS мегаполисте 11 жоба жүзеге асырылып жатқанын, олардың үшеуі іске қосылғанын жазған болатын. Өндіріс ошақтары химия және тамақ өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, машина жасауда, металлургияда пайда болды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.