Алматы орталығына қай көліктер кіре алады

сегодня

Алматыдағы төмен шығарындылар аймағына (LEZ) қандай көліктерге кедергісіз кіруге рұқсат берілетіні туралы LS редакциясына "Алматы Паркинг" ақпарат берді.

Ұйымның мәліметінше, пилоттық жоба аясында 2027 жылдың қаңтарынан бастап көліктерге толық тыйым салу көзделмеген.

Алайда LEZ аумағына кіру үшін көлік техникалық тексеруден өтуі тиіс. Бұл ретте көліктің шығарылған жылы немесе өндіруші белгілеген экологиялық класы емес, атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың нақты көлемі негізгі талап ретінде ескеріледі.

Осылайша, шығарылғанына көп жыл болған көліктер де зиянды шығарындылардың көлемі белгіленген талаптарға сай болса, LEZ аумағына кіруге рұқсат алады.

Ол үшін көлік иелері аккредиттелген техникалық байқау станцияларында аспаптық тексеруден өтуі қажет. Тексеру барысында пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың мөлшері арнайы құрылғылар арқылы өлшенеді.

Егер көрсеткіштер талапқа сай болса, мәліметтер автоматты түрде ақпараттық жүйеге енгізіліп, көлік рұқсат берілген көліктердің тізіліміне қосылады. Бұл оған LEZ аумағында кедергісіз қозғалуға мүмкіндік береді.

"Алматы Паркинг" мәліметінше, пилоттық жоба аясында техникалық шешімдер мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара жұмысы әлі де сынақтан өтіп, жетілдіріліп жатыр.

"Пилоттық кезең аяқталған соң көліктерді өткізу тәртібі, қойылатын талаптар және басқа да шарттар ресми түрде бекітіліп, көпшілікке ұсынылады",- деп хабарлады ұйымда.

Еске салайық, жоба Богенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа қарай және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан аумақта жүзеге асырылып жатыр.

Бұған дейін, LS редакциясы Алматыда ақылы автотұрақтардың саны көбейетінін хабарлаған болатын.

*LEZ (Low Emission Zone) – атмосфераға зиянды заттардың төмен деңгейде шығарылуын көздейтін арнайы аймақ.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.