Алматы облысында су жаңа кәсіпорындар бой көтермек

Өңірде 2026 жылға дейін 38 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ

18 февраля 2020 года

Биыл Алматы облысында 9,4 млрд теңгеге жаңа кәсіпорындар ашылмақ, деп хабарлайды LS.

Қаратал ауданы әкімдігінде хабарлағандай, жобалар химия және тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ туризм, электр энергиясы және ауыл шаруашылығында іске асырылуда. Атап айтқанда, ауданда мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылып, еріткіштерді өндіруге арналған жабдықтар орнатылды.

"Жобаның құны – 240 млн теңге. Оны іске қосу ағымдағы жылдың І тоқсанында жоспарланып отыр",  деп түсіндірді LS-ке.

Зауыттың қуаттылығы жылына 20 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, осы жылы кәсіпорын тағы бір жобаны іске қоспақ. Оны жүзеге асыру үшін битум қабылдау үшін екінші темір жол желісі өткізілді. Оның қуаттылығы  тәулігіне 180 тонна. Осыған орай қосымша 20 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

2025 жылға дейін шошқа шаруашылығы кешені базасында ет және шұжық өнімдері өндірісін 5,4 млрд теңгеге ұйымдастыру жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы жылына 4,48 мың тоннаны құрайды.

Ауданда туризмді дамыту үшін этноауыл салынбақ. Бұл жоба 1 млрд теңгеге бағаланса, этноауылға тәулігіне 500 адам келеді деп болжануда. Туристік жоба 2024 жылға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

"Оны жүзеге асыру кезінде туристік демалыс құру, алма бағын өсіру, балық аулау мен қаз шаруашылығын өсіру жоспарланған. Экстремалды спорт алаңдары мен өзге де объектілер салынатын болады. Бүгінгі таңда 80 га жер телімі бөлініп, дайындық жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады LS-ке.

Биылғы жылдың І жартыжылдығында 5 МВт күн станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның құрылысы 2,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.  Ауыл шаруашылығы саласында тоған шаруашылығында балық дақылдарын өсіру және 427,9 млн теңгеге балық өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. Бұл өндіріс 2025 жылға дейін жұмыс істеуі ықтимал.

Жалпы ауданда 100-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Алматы облысында 2026 жылға дейін жаңа жобаларды іске қосу есебінен 38 мыңнан астам қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етеді деп күтілуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 1,5 мың жұмыс орны ашылды.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.