Алматы облысында қандай өндіріс орындары ашылады

29 апреля 2022 года

Алматы облысында металл бұйымдары, инертті материалдар мен ет өндірісі жолға қойылады, деп хабарлайды LS.

Панфилов ауданы әкімдігінде хабарлағандай, қазақстандық инвесторлар құны 42 млрд теңгеден асатын 19 жобаны жүзеге асырғалы отыр. Ақпаратқа сәйкес, келесі жылы 2,06 млрд теңгеге инертті материалдар шығару iсi жолға қойылмақ. Бұл өнеркәсіптік нысанда жылына 900 мың текше метрге дейін қиыршық тас өндіріледі. Кәсіпорында 70 адам жұмыс істейтін болады.

2023 жылдың соңына дейін 3,4 млрд теңгеге көп функциялы қайта тиеу терминалы салынып, іске қосылады. Қуаты- жылына 190 мың жиырма фунттық эквивалентті құрайды. Жаңа 140 жұмыс орны ашылады. Биыл тағы бір қойма кешенін іске қосу жоспарланып отыр. Осы жоба аясында  қосалқы көлік қызметі саласында қызмет көрсетіледі. Инвестиция құны 10 млн теңге. Мұнда 15 адам жұмыспен қамтылады.

Биылғы жылы 10,2 млрд теңгеге қуаты 25 МВт су электр станциясын ашу көзделген. Мекемеде 20 жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа, металл бұйымдарын өндіру және қоймалау бойынша қызметтер де іске қосылмақ. Бұл жоба қазақстандық компанияға 870 млн теңгеге түседі. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 40 мың шаршы метрді құрайды. 34 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, Панфилов ауданында биыл 290 млн теңгеге тігін өндірісі өз жұмысын бастаса, жаңадан 15 адам жұмысқа орналасады. 256 млн теңгеге шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру іске қосылады деп күтілуде. Өнiм қуаттылығы- тәулігіне 150 мың бірлік, жұмыс орындары- 45.

Қалған 13 жобаны агроөнеркәсіптік кешенде іске қосу жоспарланып отыр. Мәселен, Панфилов ауданында биыл 300 млн теңгеге мал сою цехын құрылып, 1 мың басқа арналған бордақылау алаңы салынады. 117 млн теңгеге ет және сүт өнімдерін алу үшін ірі қара мал өсіретін ферма пайда болады. Жұмыспен 23 адам қамтамасыз етіледі. Жалпы құны 751 млн теңге болатын екі бордақылау кешені салынып, іске қосылады. Бұл нысандарда 50 адам жұмысқа орналаса алады. Сол жылы 517,7 млн теңгеге асыл тұқымды жылқы шаруашылығы мен ет-сүт бағытындағы бордақылау кешенін ашу жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа 105 жұмыс орны пайда болады.

Бұдан басқа, 2,66 млрд теңгеге түйенің құрғақ сүтін өндіру іске қосылмақ. 2,87 млрд теңгенің екі сүт-тауар фермасы ашылады. 180 млн-ға бағаланатын  сүт фермасында жылына 365 мың литр сүт, 10 мың кг сиыр еті өндірілмек. 5 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 18 млрд теңгеге өндірістік процестерді толық цифрландырумен өнеркәсіптік үлгідегі заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермасы жұмысын бастайды. Оны iске асыру мерзімі- 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Фермада 75 жұмыс орны ашылады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.