Алматы халықаралық әуежайын шетелдіктер сатып алмақ

Бұл әуежайды сатып алу Groupe ADP және TAV Airports даму стратегиясына сай келмек

11 ноября 2019 года
    

TAV Airports әуежайының операторы Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен қазақстандық әуе айлағын сатып алу жөніндегі келісімді талқылауда, деп хабарлайды LS.

Сондай-ақ талқылауға VPE Capital басқарушы компаниясы да қатысады.

Groupe ADP (46,12% TAV Airports-қа тиесілі) компаниясының хабарлауынша, келісімге жақын уақыт ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

"Алматы халықаралық әуежайы, орталық Азиядағы ең ірі әуежай болып табылады. 2018 жылы ол 6 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті. Қазақстан-теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен ел өңірдегі экономикалық өсімнің драйвері болып табылады және Орталық Азияның ЖІӨ-нің 60% - ын қамтамасыз етеді. Бұл әуежайды сатып алу Groupe ADP және TAV Airports даму стратегиясына сай келмек", – деп мәлімдеді Groupe ADP.
Анықтама

Groupe ADP осы күні бірқатар әуежайларды дамытып басқарады. Paris-Charles de Gaulle, Paris-Orly және Paris-Le Bourget қоса алғанда. 2018 жылы олар француз әуе айлағы арқылы 105 млн- нан астам жолаушы және 176 млн-нан астам жолаушы тасымалдаған.

Бұрын LS Қазақстан 11 әуежай үшін "аспан ашты" деп жазған болатын. Олардың қатарына Алматы халықаралық әуежайы кірді. Шенеуніктер мәлімдегендей, осылайша үкімет Қазақстанға ұшудың тартымдылығын арттыруға ниетті.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.