Абай облысының орталығында қандай жобалар іске қосылмақ

11 апреля 2022 года

Семей Абай облысының орталығына айналады. LS редакциясы әкімдікте қалада жақын арада қандай жобалар іске қосылатынын білді.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы жылы бюджетте инфрақұрылымды дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінген. Автомобиль жолдарын жөндеуге 4,01 млрд теңге, сумен жабдықтау жүйесіне 1,2 млрд теңге бағытталады. Республикалық бюджеттен жылу-энергетикалық жүйені жетілдіруге субвенция есебінен 115,07 млн теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында инвесторлар көмір десорбциясы цехын салу және қосалқы жабдықтар сатып алу бойынша жобаны іске қосады. Құны – 2,3 млрд теңге. 100 жаңа жұмыс орны құрылады.

Жұмыс істеп тұрған құс фабрикасы жұмыртқа шығаруды ұлғайтады, ал 2023 жылға қарай нысанның қуаты жылына 25 млн данаға дейін жетпек. Ал 2024 жылға дейін жылына 60 млн данаға жетуі мүмкін. Жоба 900 млн теңгеге бағаланып отыр. Қалада жылына 600 тонна өнім өндіретін ет өңдеу кешені салынады. Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың басынан 200 млн теңге инвестицияланды. Кәсіпорын ет-консерві өнімдерін шығаруды жолға қояды. 100 адам жұмысқа орналасады.

2022-2023 жылдары 1 млрд теңгеге майлы, дәнді және жем-шөп дақылдарын өндіру бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, биыл суармалы алқапта 1,5 мың га майлы (күнбағыс) және 500 га дәнді дақылдар, 2023 жылы – 2 мың га майлы дақылдар егу жоспарлануда. Инвестор 2024-2025 жылдары осы дақылдарды егу үшін тағы 1 млрд теңге салады. Сондай-ақ, өндірістік база салу жоспарлануда. Басқа қазақстандық инвестор суару жүйелерін орнатады. Құны – 288,4 млн теңге. 600 гектар жерге майлы дақылдар егіледі.

Ал қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында жалпы сомасы 18,6 млрд теңге болатын жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Соңын есебінен 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, 2023 жылы 10 мың автокөлік құрастыру iсi ұйымдастырылмақ. Берқара кен орнының базасында SX-EW зауыты салынады. Жоба аясында жылына 500 мың тонна кен өндіріп, оны жылына 4 мың тонна көлемінде катодты мысқа айналдыруға ниетті. Сондай-ақ, сауда орталығы пайда болады.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Последние новости:
На чем зарабатывают казахстанские банки и почему они прибыльнее развитых стран
вчера
Жители Казахстана тратят на еду большую часть зарплаты, чем в Беларуси, России и Китае. Инфографика
вчера
Минздрав пересмотрит лицензирование стоматологов после скандала с пенсионными деньгами
вчера
Қазақстан ЕО санкциялар жөнінде ескерту алмады
вчера
Дьявол кроется в деталях: названы главные страхи инвесторов горнорудной отрасли
вчера
Бюрократия дороже урожая: Казахстан теряет овощные рынки соседей
вчера
Казахстан не получал уведомлений от ЕС о введении вторичных санкций
вчера
Нацбанк выполняет свою роль, но инфляция остается высокой из-за действий правительства – мнение
вчера
НПЗ Казахстана обяжут производить больше востребованных ГСМ
вчера
Банктер шоттар жайлы мәліметті салықшыларға тапсырады
16 сентября 2025 года
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.