Алматы облысында сүт және қымыз өндіретін зауыт ашылады

Жоба Іле ауданындағы Береке индустриялық аймағында жүзеге асырылады

11 ноября 2019 года

Алматы облысында 530 млн теңге қаржы құрайтын тағы бір сүт зауыты ашылады. Бұл туралы LS аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, жоба Іле ауданындағы Береке индустриялық аймағында жүзеге асырылады.

"Зауыттың құны 530 млн теңгеге бағаланады. Бұл өндіріс аймағында тәулігіне 21 тонна сүт және 6 тонна қымыз өндірілетін болады",- деп түсіндірді LS.

Өндіріс ошағының іске асырылу мерзімі - 2021 жыл. Қазіргі уақытта шетелдік серіктестерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқарманың мәлімдеуінше, зауытта 200 жаңа жұмыс орны пайда болады. Дайын өнімнің 30%-ын Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріне экспорттау жоспарланып отыр.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.