«7-20-25» бағдарламасы жалғасама – Ұлттық банк

20 апреля 2022 года

Ұлттық банкте "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының ұзартылуы туралы айтылды, деп хабарлайды LS.

Қаржы институтында LS-тің ресми сұранысына жауап ретінде, бүгінгі таңда "7-20-25" бағдарламасын іске асыру жалғасып жатқанын атап өтті.

Бағдарламаның нақты аяқталу мерзімі жоқ және қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін жалғасатын болады.

"2022 жылғы 14 сәуірдегі мәлімет бойынша, "7-20-25" бойынша 533,9 млрд теңгеге 42 375 қарыз берілген. Қазіргі уақытта аталған "7-20-25" бағдарламасына өзгерістер енгізу қарастырылмайды", - деп атап өтті Ұлттық банкте.

Сондай-ақ, қаржы институтында "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасының өткен жылдың 31 желтоқсанында аяқталғанын хабарлады. Оның аясында 609,7 млрд теңгеге 64 635 қарыз берілді.

"Бұл бағдарламаларға қаражат "Қазақстандық тұрақтылық қоры" инвесторларының шектелмеген тобы арасында, қор нарығында борыштық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру есебінен тартылады", - деп түйіндеді Ұлттық банкте.

Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" шарттары бойынша бастапқы нарықта тұрғын үйге несиені жылдық 7%-бен алуға болады, бастапқы жарна 20%, қарыз мерзімі – 25 жылға дейін.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Комментарии отключены!
Вы можете оставить комментарий и увидеть мнения наших читателей на странице в facebook.
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.