Алматыда жер сатып алуға 6 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады

Тәркіленген жерлердің арасында Назарбаев, Рысқұлов және т.б. көшелер де бар.

17 июля 2018 года

2018 жылы Алматы қаласында шамамен 140 жер учаскесін сатып алу үшін 6,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Аймақтық байланыс қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Ахметов ведомствоның жалпы сомасы 4,1 млрд теңге болатын 109 жер учаскесін сатып алғанын айтты.

"Мемлекеттік қажеттіліктер үшін тәркіленген жерлер Назарбаев даңғылы, Рысқұлов көшелерінің қиылысы, Құлжа трактасы және Рысқұлов-Емцов қиылысында орналасқан. Сонымен қатар, Жандосов көшесін кеңейту көзделіп отыр", - деді ол.

Қалған 2 млрд теңге биыл толық көлемде іске жұмсалады.

Сарапшының айтуынша, 2015 жылға дейін мемлекеттік қажеттіліктер үшін жерді сатып алу жұмыстарын бағдарлама әкімшілігі іске асырды. Соңғы үш жылдан бері ол істі басқарма өз қолына алды.

2015-2016 жылдары 144 жер учаскесі 7,8 млрд теңгеге, ал 2017 жылы 221 жер учаскесі 12 млрд теңгеге алынды. Сонымен қатар, 2017 жылы 30 нысан бойынша жұмыс басталды, оның 22-сі аяқталды. Биыл ведомство қарамағында 22 нысан бар, оның ішінде кейбірі жылжымалы нысан (8 нысан).

Еске сала кетейік, жақында Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев LS-ке Алматы қаласының қалай өзгеретінін айтты.

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.